Главная / Главные Новости / Классикалық волейбол. Маусым-2022. Қорытынды novosti-sbornye

Классикалық волейбол. Маусым-2022. Қорытынды

19/01/2023

Классикалық волейбол. Маусым-2022. Қорытынды

«Үлкен» волейбол өкілдері үшін 2022 жылғы халықаралық маусым, бірінші рет, бекітілген жоспар негізінде толықтай өтпеді. Доп додасыныӊ төртеуіне біздіӊ құрамаларымыз қатыса алмай, ел әуедобыныӊ беделіне нұқсан келтірді. Әрине, бұл тұрғыда басты мәселе қаржыға келіп тіреледі...

Былтырғы маусымда дәл осы түйін шешілмей, ерлер және әйелдер арасындағы Ұлттық құрамаларымыз Азия кубоктарына, ал жастар (U-19) және жасөспірімдер (U-21) арасындағы екі құрама командамыз Азия чемпионаттарына бара алмады. Федерация соӊғы сәтке дейін үмітін үзген жоқ, алайда, жоққа «жүйрік» жетуші ме еді? Әсіресе, ерлер арасындағы үш құрамаға (Ұлттық, жастар және жасөспірімдер ұжымдарына) қиын болды. Олар былтыр халықаралық деӊгейде бірде-бір матч өткізе алмай, ойын тәжірибелері үзіліп қалды.

OPENING-CEREMONY-13.JPG

Біз үшін былтырғы жылғы басты дода, әрине, Нидерланд және Польшада өткен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты болды. Осы орайда, Әлем чемпионатына баруымыздыӊ өзі тым өзгеше болғанын тағы да еске сала кеткіміз келеді. Бұл мәртебе Ұлттық құрамамыздыӊ рейтингіне, Қазақстан федерациясыныӊ халықаралық абырой-беделіне байланысты болып, бүкіләлемдік FIVB Конгрессіне қатысқан Бас хатшымыздыӊ арқасында жүзеге асты.

ава=чм.jpg

Былтыр халықаралық екі дода Қазақ жерінде өтті. Жалпы, клубтық Азия чемпионаттары бұған дейін де біздіӊ елде өткізілген болатын. Ал бойжеткендер (U-20) арасындағы құрлық чемпионаты бізде алғаш рет ұйымдастырылды.

Клубтық деӊгейдегі халықаралық өнеріміз бен нәтижелеріміз көӊілден шықты деуге болады. Атап айтқанда, «Қуаныш» клубтық Азия чемпионы болып, клубтық Әлем чемпионатында ел намысын қорғады. «Алтай» арулары Азияда екінші болып, ерлер арасындағы додада «Тараз» ВК төртінші орынды иеленді.

луч иг-1.jpg

Сонымен, 2022 жылғы маусымда осыныӊ бәрі қалай болып еді:

Әйелдер арасындағы XIX Әлем чемпионаты-2022

(2022 FIVB Volleyball Women's World Championship)(23 қыркүйек – 15 қазан. Нидерланд / Польша)

Қатысқан құрама командалар саны: 24

23-орын: ҚАЗАҚСТАН

ӘЧ 4 жылда бір рет өтеді. Қазақстан қыздары бесінші рет қатарынан қатысты

чм.jpg

Әйелдер арасындағы клубтық XV Әлем чемпионаты-2022

(2022 FIVB Women's Club World Championship) (14-18 желтоқсан. Анталья, Түркия)

Қатысқан командалар саны: 6

6-орын: «ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан)

кчм.jpg

Әйелдер арасындағы «III Challenger кубогы-2022» (Ұлттар лигасы-2023 додасына іріктеу)

(2022 Challenger Cup Champions / Qualified for the 2023 Nations League)

(2022 FIVB Women's Challenger Cup) (28-31 шілде. Задар, Хорватия)

Қатысқан құрама командалар саны: 8

7-орын: ҚАЗАҚСТАН

Әйелдер арасындағы клубтық XXII Азия чемпионаты-2022

(2022 Asian Women's Club Championship) (24-30 сәуір. Семей, Қазақстан)

Қатысқан командалар саны: 6.

Чемпион: «ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан)

Вице-чемпион: «АЛТАЙ» (Өскемен, Қазақстан)

куаныш.JPG

алтай.JPG

Ерлер арасындағы клубтық XXII Азия чемпионаты-2022

(2022 Asian Men's Club Championship) (14-20 мамыр. Тегеран, Иран)

Қатысқан командалар саны: 8

4-орын: «ТАРАЗ» ВК (Қазақстан)

тараз.jpg

Қыздар (U-18) арасындағы ХIV Азия чемпионаты-2022

(14th Asian Women's U18 Championship) (06-13 маусым. Накхонпатхом, Таиланд)

Қатысқан құрама командалар саны: 11

6-орын: ҚАЗАҚСТАН

u-18.JPG

Бойжеткендер (U-20) арасындағы ХХI Азия чемпионаты-2022

(The 21th Asian Women's U20 Championship) (04-11 шілде. Нұр-Сұлтан, Қазақстан)

Қатысқан құрама командалар саны: 9

8-орын: ҚАЗАҚСТАН

u-20.JPG

последняя.JPG

0-ч.jpg

2-тараз.jpg

4-мол.JPG

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика