Главная / Главные Новости / Чемпион ұпай жоғалтты chempionat-rk

Чемпион ұпай жоғалтты

09/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Алатау бөктеріндегі «АВВ Arena» залында әуедоп додасы қыза түсті. ҚР ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасындағы командалар екінші турдың ойындарын еңсеруге айналды. Үшінші күнгі матчтар өте нәтижелі және тым ұзаққа созылған кездесулер болды.

Еліміздің өткен маусымдағы чемпионы, яғни «Атырау» ВК жігіттері биылғы маусымның тек оныншы күнінде ғана бір ұпай жоғалтты. «Павлодар» ВК қырандарының мұнайшыларды тізе бүктіріп, биылғы маусымда бірінші рет жеңілістің кермек дәмін таттыруға шақ қалды. Алайда төртінші партияда қарсыласын қыспаққа алса да, қапы қалдыра алмады. Ал тай-брейкте атыраулықтар түлеп сала берді. Шиеленісті өткен бұл дода екі сағат, екі минутқа созылды. 215 ұпай додаға салынды (ел чемпионаты рекорды), ең бастысы, дода көрігі шектен тыс қызып, ешкімді бейтарап қалдырмады. Енді Павлодарда өтетін үшінші турда қалай болар екен? Көкейдегі басты сауал осы болып тұр.

Жұма күні, яғни бір күндік демалыс қарсаңында ел чемпионы «Ұшқынмен» ойнайды, ал павлодарлық жігіттер алаң иелері «Буревестник» әуедопшыларымен додаға түседі. Әзірше біздің болжам – осы. Ел чемпионатының плей-офф сатысында жүлделі орындарды аталған төрт ұжым сарапқа салатын секілді. Әрине, оған дейін әлі уақыт – көп. Әліптің артын бағайық.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

09 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Жайық» – «Тараз» ВК

(12:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Есіл СК» – «Алтай»

за 8-12.png

08 желтоқсан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:2 (25:16, 25:27, 19:25, 26:24, 15:10)

Төрешілер: Шамахунов, Ахметов. Доп айырмасы: 110-102. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:1 (17:25, 25:19, 25:14, 25:13)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 92-71. Матч уақыты: 89 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» – «Атырау» ВК – 2:3 (19:25, 25:23, 25:20, 25:27, 11:15)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 122 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

11 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» – «Атырау» ВК

(15:00) «Ұшқын» – «Буревестник»

(17:30) «Алтай» – «Жайық»

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика