Главная / Басты жаңалықтар / ҚВФ: Қар волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет Азия Чемпионаты өтеді federaciya

ҚВФ: Қар волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет Азия Чемпионаты өтеді

09/11/2021

6184cec4a5f20773480593.jpg

Азия волейбол конфедерациясы (AVC) Қазақстанда тұңғыш рет қар волейболынан Азия чемпионатын өткізуді ұсынды.

Бұл турнирдің алғашқы азиялық нұсқасы 2022 жылдың ақпан айының соңында өтеді деп жоспарланған. Өскемен немесе Нұр-Сұлтан қалалары қысқы волейбол жарыстарын өткізу орыны болып саналады.

2018 жылдың желтоқсанында Мәскеуде еліміздің әйелдер құрамасы қар үстіндегі волейболдан Еуротурдың үздік бестігіне енген болатын. Сол себепті, Қазақстан құрамасының бұл спорт түрінен жарыстарға қатысу тәжірибесі бар.

6184e99acf1e5728726239.jpg

-Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB ) өз амбицияларын жасырмайды және қысқы, жазғы Олимпиада ойындарында да қатысатын әлемдегі алғашқы федерация болуға ұмтылады - деді, Қазақстан Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев

-Мысалы, жағажай волейболы Олимпиада ойындарында танымалдығы мен билет сатылымы бойынша классикалық волейболды басып озды. Яғни, халықтың бұл спорт түріне деген қызығушылығы зор. Сәйкесінше, FIVB қар үстінде волейболды дәл осылай дамытуды жоспарлануда. Қазірдің өзінде Mikasa брендінің қолданылған добы бар. Ол суықта деформацияланбайды. Ойын ережесі, тордың биіктігі, алаңның көлемі сегіз де сегіз. Жағажай волейболы сияқты.Бірақ үшке-үш споршылар ойнайды. Сондай-ақ қосалқы төртінші ойыншы да бар. Қазір әзірленбеген жалғыз нәрсе - арнайы аяқ киім. Қардың үстіндегі волейболшылардың көпшілігі арнайы тігілген аяқ киіммен ойнайды.

-Қысқы Олимпиада ойындарында Оңтүстік Кореяда қар волейболының болашақ олимпиадалық спорт түрі ретінде презентация өтті. Ол кезде мұнда классикалық және жағажай волейболының фавориттері ойнады. Қазір бұл спорт Еуропада өте танымал. Сондай-ақ жағажай волейболы, Еуропа турлары мен әлем чемпионаты өткізіледі. Қар үстінде волейболдан турнирге қатысуға тәжірибеміз бар. Мәскеуде өткен 2018 жылғы Еуротурда біздің әйелдер құрамасы бесінші орынға ие болған болатын.

-Азия волейбол конфедерациясының Атқару комитетінің соңғы отырысында маған мүшесі ретінде осы спорт түрінен Қазақстанда алғаш рет Азия чемпионатын ұйымдастырып, өткізуді тапсырды. Азия елдерінің климаттық жағдайын ескере отырып, барлығы бірдей қатыса алмайды. Менің ойымша, біз ерлер мен әйелдердің ең көп дегенле сегіз командасын жинай аламыз. Бұлар Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Иран және біздің елдің құрамалары... Бір қызығы, Жаңа Зеландия мен Австралия алдағы турнирге қатысуға ниет білдірді. Бұл екі елде жағажай волейболы өте жақсы дамыған. Австралиялық әйелдер құрамасы соңғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері. Сондықтан бұл спорт түрінен бақтарын сынап көргісі келетіні таңқаларлық емес.

-Енді барлығын қарап, танысып жатырмыз. Бізге тәжірибесі мол ресейлік Мария Щербакова деген маман көмектеседі. Оның арқасында бізде мұндай турнирді өткізудің барлық шарттары туралы толық ақпарат бар. Мысалы, спортшыларға арналған жылуы бар киім ауыстыратын бөлмелер, төрешілерге арналған корпус, хатшылар бөлімі, ыстық сусындар және т.б. сынды дүниелер қажет. Бізде, Қазақстанда үш-төрт ай бойы кез келген жерде қардың үстінде волейбол ойнауға болады. Өкінішке орай, турнирге дайындалуға уақыт аз. Қазіргі уақытта біз Шығыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласындағы дайын корттарды қарастырып жатырмыз. Сондықтан, әрине мұндай жарыстарды ірі тау шаңғысы курорттарының аумағында өткізуді көздеп отырмыз.

-Біз алдымен жағажай волейболшыларына хабарлайтын боламыз, өйткені олар бұл спорт түрімен таныс. Әйелдерге арналған бір жұп пен ерлерге арналған жұпты шығарғалы отырмыз. Дайындалатын боламсыз. Біз үшін бұл да алғашқы тәжірибе, осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ. Ал алдағы уақытта бұл спорт түрі жұртшылық арасында кең өріс алып жатса, ересектер мен балалар арасында өзіміздің жергілікті чемпионаттарымызды өткізетін боламыз.

ҚВФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика