ҚФВ: Нұртай Әбіқаев мемлекеттік «Барыс» орденімен марапатталды
13/12/2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін қазақстандықтарды марапаттады. Мемлекеттік наградалар өндіріс саласының, бизнестің, білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениет және ғылым саласының көрнекті өкілдеріне, спортшыларға, еңбек ардагерлеріне, әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Олардың қатарында 1-дәрежелі «Барыс» орденінің иегері «Отандастар Қоры» КЕАҚ президенті, Қазақстан волейбол федерациясын президенті Нұртай Әбіқаев та болды.
ҚВФ Нұртай Әбіқайұлын лайықты марапатымен құттықтап,табыс тілейді!
ҚВФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ