FIVB: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ.
21/09/2021
Жақында волейболдан Азия чемпионатында өнер көрсеткен спортшыларымыз, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) әлемдік рейтингінде 13 позицияға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Борис Гребенниковтың басшылығымен 78 -орыннан 65 -орынға көтерілді. Жапонияда өткен Азия чемпионатында үш кездесу ойдағыдай өткен болатын. Еске салайық, волейболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты Жапонияның Чиба қаласында 12-19 қыркүйек аралығында өтті. Біздің ерлер құрамасы волейболдан Азияның басты турнирінде 11 -ші орынға ие болды.