21 жасқа дейінгі жағажай волейболынан әлем чемпионаты: қазақстандықдартың қарсыластары және матчтардың кестесі
15/12/2021
Таиландтың Пхукет қаласында жағажай волейболынан 21 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
21 жасқа дейінгі жағажай қыздары арасындағы әлемдік турнирде елімізден екі жұп - Дана Шыңғысова мен Юлия Христолюбова, Лаура Кабулбекова және Надежда Иванченко өнер көрсетеді. Қазақстандық әйелдердің топтық кезеңдегі қарсыластары – Польша, Австралия, Ресей, Италия, Канада және Бразилияның құрамалары.
Ерлер арасындағы негізгі бәсекеде қазақстандық волейболшылардан Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов өнер көрсетеді, олар топтық кезеңде Украина, Ресей және Чили командаларымен кездеседі.
Төменде Қазақстан құрамаларының қатысуымен өтетін матчтардың ағымдағы кестесімен танысуды ұсынамыз.
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН 21 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ОЙЫНШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Өтетін уақыты: 14-19 желтоқсан 2021 жыл
Өтетін орыны: Пхукет (Таиланд), Bang Tao жағажайы
МАТЧ КҮНТІЗБЕСІ
ӘЙЕЛДЕР
15 желтоқсан (сәрсенбі)
08.50 ПОЛЬША - ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА)
10.30 АВСТРАЛИЯ - ҚАЗАҚСТАН (ХРИСТОЛЮБОВА/ШИНГИСОВА)
15.00 РЕСЕЙ - ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА)
16 желтоқсан (бейсенбі)
10.30 ИТАЛИЯ - ҚАЗАҚСТАН (ХРИСТОЛЮБОВА/ШИНГИСОВА)
12.10 ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА) - КАНАДА
16.00 БРАЗИЛИЯ - ҚАЗАҚСТАН (ХРИСТОЛЮБОВА/ШИНГИСОВА)
ЕРЛЕР
15 желтоқсан (сәрсенбі)
15.00 ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ) - УКРАИНА
16 желтоқсан (бейсенбі)
11.20 ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ) - РОССИЯ
17 желтоқсан (жұма)
08.00 ЧИЛИ - ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ)
ҚВФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ