Главная / Басты жаңалықтар / Жағажай волейболынан U-19 әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы, қарсыластар мен матчтар күнтізбесі plyazhnyj-volejbol

Жағажай волейболынан U-19 әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы, қарсыластар мен матчтар күнтізбесі

06/12/2021

265184660_1736332849905819_6959255963593738886_n.jpg

19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында жағажай волейболынан 16-шы әлем чемпионаты 6-11 желтоқсан аралығында Пхукетте (Таиланд) өтеді.

Жас жағажайшылардың әлемдік жарысына 48 елден 72 команда (ерлер арасында - 36, әйелдер арасында - 36) қатысады. Әйелдер мен ерлер арасындағы негізгі торда жалпы 28 команда өнер көрсетеді. Қалған 24 жасақ біліктілік раундында ойнайтын болады, оның ішінде 4 үздік команда негізгі торға қатысушы 32 команданың қатарына кіреді.

Қазақстаннан әйелдер арасында жұп Надежда Иванченко мен Лаура Кабулбекова өнер көрсетеді. Медаль үшін күрестегі олардың қарсыластары Венгрия, Испания және Таиланд командалары болады.

Біздің ерлер жұбы Дархан Аманжолов пен Дамир Лаповтан тұрады, олар жақын күндері Германия мен Нидерланды құрамаларымен кездеседі.

Төменде матчтардың өзекті кестесімен танысуды ұсынамыз.

ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН 19 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ОЙЫНШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Өткізу кезеңі: 2021 жылғы 6-11 желтоқсан

Өтетін орны: Пхукет (Таиланд), Bang Tao жағажайы

ОЙЫН КЕСТЕСІ

7 желтоқсан (сейсенбі)

Әйелдер

08:40 ҚАЗАҚСТАН - ВЕНГРИЯ

15:00 ҚАЗАҚСТАН - ИСПАНИЯ

8 желтоқсан (сәрсенбі)

15:00 ҚАЗАҚСТАН-ТАИЛАНД

Ерлер

7 желтоқсан (сейсенбі)

11:10 ҚАЗАҚСТАН - НИДЕРЛАНДЫ

8 желтоқсан (сәрсенбі)

9:30 ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ


"Самұрық-Қазына" ҚВФ - ФНБ Бас серіктесі

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика