Жағажай волейболынан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандықтар турнирдегі жарыстарын аяқтады
10/12/2021
Жағажай волейболынан Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары Пхукет қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы 16-шы әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Елімізден 19 жасқа дейінгі жағажай волейболынан қыздар арасындағы әлемдік турнирде Лаура Кабулбекова мен Надежда Иванченко негізгі белдесуде бақ сынады – олардың «А» тобындағы қарсыластары Венгрия, Испания және Таиланд құрамалары болды, өкінішке орай қазақтар төтеп бере алмады.Қазақстаннан іріктеу сынында Дана Шыңғысова мен Юлия Христолюбова өнер көрсетті, олар бірінші ойын күні испаниялық қарсыластарынан жеңіліп қалды.
Ерлер арасындағы негізгі жеребеге қазақстандық волейболшылар Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов қатысты. Жағажай волейболшыларымыз Германия, Нидерланды және Венгрия құрамаларымен құмда кездесті. Үш кездесу де қазақстандық қарсыластардың жеңісімен аяқталды.
Төменде Қазақстан құрамаларының матчтарының нәтижелерімен танысуды ұсынамыз
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН 19 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ОЙЫНШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Өтетін уақыты: 6-11 желтоқсан 2021 жыл
Өтетін орыны: Пхукет (Таиланд), Bang Tao жағажайы
МАТЧ НӘТИЖЕЛЕРІ
ӘЙЕЛДЕР
6 желтоқсан (дүйсенбі)
ҚАЗАҚСТАН (ХРИСТОЛЮБОВА/ШИНГИСОВА) - ИСПАНИЯ 0:2 (14-21, 12-21)
7 желтоқсан (сейсенбі)
ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА) - ВЕНГРИЯ 0:2 (11-21, 11-21)
ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА) - ИСПАНИЯ 0:2 (17-21, 12-21)
8 желтоқсан (сәрсенбі)
ТАИЛАНД - ҚАЗАҚСТАН (ИВАНЧЕНКО/КАБУЛБЕКОВА) 0:2 (21-16, 21-15) МУЖЧИНЫ
7 желтоқсан (сейсенбі) ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ) - НИДЕРЛАНДЫ 0:2 (17-21, 17-21)
8 желтоқсан (сәрсенбі)
ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ) - ГЕРМАНИЯ 0:2 (10-21, 11-21)
9 желтоқсан (бейсенбі)
ВЕНГРИЯ - ҚАЗАҚСТАН (ЛАПОВ/АМАНЖОЛОВ) 2:1 (13-21, 21-17, 15-12)
ҚВФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ