AVC: Клубтық Азия Чемпионатының-2022 өтетін мерзімі ауысты
09/11/2021
Азия волейбол конфедерациясы (AVC) әйелдер арасындағы волейболдан келесі жылы өтетін Клубтық Азия чемпионатының жаңа күнін жариялады.
Сонымен, AVC мәліметінше, кәсіпқой әйелдер клубтары арасындағы волейбол чемпионаты 1-8 мамыр аралығында емес, 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Азиялық турнирдің қожайыны Қазақстанның Семей қаласы болмақ.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсететін «Алтай» әйелдер клубы биыл клубтар арасындағы Азия чемпионатының алтын жүлдеге ие болып, клубтар арасындағы Әлем Чемпионатына жолдама алған болатын.
ҚВФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ