Главная / Высшая лига / Жоғарғы лига жүлдегерлері жанкүйерлерге мәлім chempionat-rk

Жоғарғы лига жүлдегерлері жанкүйерлерге мәлім

09/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Сейсенбі күні, 11 сәуірде, Орал қаласында әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтары соңғы, бесіншші турды бастайды. Негізі, жүлделі орындарға ие болатын командалар белгілі, енді тек іс жүзінде өздерінің қорытынды кестедегі орындарын нақтылау ғана қалды.

Бұған дейінгі төрт турда да топ жарған және ел чемпионатының көшбасшысы «Шымкент» ВК қыздарына ел чемпионы атағына қол жеткізу үшін төрт ұпай ғана қажет. Биылғы маусымдағы өзінің басты бәсекелесімен, яғни «Тараз» ВК аруларымен 12 сәуірде кездесуі керек. Міне, дәл осы ойында былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы өз мәртебесін жаңа көшбасшыға «өткізуі» ықтимал.

Бұл дивизионда тек 5-орынғы таласатын командалар арасындағы бәсеке қызықтырақ болуы тиіс. Лигаға биылғы маусымда ғана қосылған «Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК қыздары бір-бірімен 13 сәуір күні кездеседі. Әйтсе де, екеуі соңғы күнге дейін бәсеке көрігін қыздыратын шығар. Себебі тур соңындағы ойындар нәтижесі кейбір командалардың турнир кестесіндегі жағдайына ешқандай да әсер етпейтін болады. Сондықтан олар алаңға қосалқы құрамдағы ойыншыларын шығарулары да мүмкін.

Бесінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ с/з

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

04 08 ЖЛӘ тк.png

04 08 ЖЛӘ он.png

11 сәуір (сейсенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК

12 сәуір (сәрсенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Грация-KZ»

13 сәуір (бейсенбі)

(12:00) «Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

15 сәуір (сенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

16 сәуір (жексенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика