Главная / Главные Новости / «Қуаныш» – Спорттық ойындар түріндегі үздік команда-2022 chempionat-rk

«Қуаныш» – Спорттық ойындар түріндегі үздік команда-2022

24/12/2022

Астана төрінде тұңғыш рет, спорт саласы бойынша «Жеңімпаз рухы-2022» ұлттық спорт сыйлығын табыстау кеші өтіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылғы үздік спортшыларды, басшыларды, жаттықтырушыларды және спорт ұйымдарын марапаттады!

Салтанатты кеште, 14 номинация бойынша 20 лауреат үздіктердің үздігі болып танылды. «Спорттық ойындар түріндегі үздік команда» номинациясы бойынша Петропавлдың әйелдер арасындағы «Қуаныш» волейбол клубы теңдессіз болып танылды.

1.jpeg

Осыдан он жыл бұрын, 2012 жылы Қазақстан волейболы картасында жаңа команда пайда болған еді – «Қуаныш және К». Клуб атауы Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязав ауданында орналасқан, Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин басқаратын фермерлік шаруашылықтың атауымен бірдей болды. Оның бастамасы мен ықыласы бойынша осы облыстағы жас және дарынды бойжеткендерге өздерінің сүйікті ойынымен кәсіби тұрғыда шұғылдануға мүмкіндік берілді. Қайырбек Сәдақасұлы – содан бері клуб директоры.

2012 жылы 13 қараша күні оның осы командасы Қазақстан чемпионатында тұсауын кесіп, алғашқы ойынын өткізді. Бұл ел біріншілігінің «Б» Жоғарғы дивизионы болатын. Бір жылдан кейін Хамзиннің командасы бұл лигада топ жарып, «А» дивизионына көтерілді. Ал содан екі жылдан соң біріктірілген Жоғарғы дивизионда үздік шығып, «Қуаныш және К» Ұлттық лигада бақ сынау құқығына ие болды.

Команда бірден нәтиже қумай, жыл өткен сайын шеберлігін шыңдай түсіп, Петропавл облысының орталығына көшіп, қоныс ауыстырды. Ал жастары қосалқы құрам арасындағы ел біріншілігінде ерекше көзге түсе бастады. Осыдан бір жыл бұрын «Қуаныш» кіл мықтылар арасында алғаш рет қола жүлде жеңіп алды.

Содан клуб үшін Ұлттық лигадағы қарбалас күндер басталды. Алтыншы, төртінші, үшінші орындар. Команданың негізгі құрамы бірден нәтиже қумай, жыл өткен сайын шеберлігін шыңдай түсіп, Петропавл облысының орталығына көшіп, қоныс ауыстырды. Ал жастары қосалқы құрам арасындағы ел біріншілігінде ерекше көзге түсе бастады. Осыдан бір жыл бұрын «Қуаныш» Ұлттық лигада алғаш рет қола жүлдеге қол жеткізді.

2ком.jpg

«Қуаныш» бұл жетістігін биыл да қайталап, сол үшін 2022 жылғы Семейде өткен клубтық Азия чемпионатына Уайлд-кард (Wild card) алды. Ал 30 сәуір күні клуб тарихында бүгінге дейінгі ең елеулі, ұмытылмас оқиға болды. Команда ешкім ойламаған жерде жеңіске жетіп, құрлық додасы финалында бағы жанып, клубтық Азия чемпионы болды.

4.jpg

Өмірде мұндай да болады. Қайырбек Сәдуақасұлы Қазақстан чемпионатында топ жаруды армандап жүргенде, оның командасы Халықаралық кубок жеңімпазы атанды. Ал желтоқсан айында ғана «Қуаныш» командасы әлем волейболы масштабына дейін танылып, клубтық Әлем чемпионатында ел намысын қорғады. Әрі баспасөзде ескерілді.

5ава.jpg

Енді, міне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі еліміздің «Спорттық ойындар түріндегі үздік командасы» деп танып, мойындап отыр. Еліміздің волейбол қоғамдастығы атынан Петропавлдың «Қуаныш» командасын лайықты марапатымен құттықтаймыз. Осы қарқындарыңыздан қайтпаңыздар!

чм.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика