Главная / Главные Новости / Төрт жұптың үшеуінде дода әрі жалғасты chempionat-rk

Төрт жұптың үшеуінде дода әрі жалғасты

02/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Ертіс жағасында өтіп жатқан, ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтарының плей-офф додасындағы, сенбі күнгі жартылай финалдық ойындардан соң, тек бір жұпта жеңімпаз анықталды. Қалған үш жұпта бірінші ойында жаза басқан командалар еңсе тіктеп, таразы басын теңестірді. Әрі жексенбі күні тәуекелге бел бууға дайын да секілді.

Екінші төрттіктегі, 5-ші және 7-ші орындарды сарапқа салатын командалар әлі анықталған жоқ. Жексенбі күні – финалға бергісіз шешуші ойындар. «Жайық» та, «Алтай» да жігерлік танытып, «Ұшқын» және «Есіл» жігіттерімен өткен екінші матчтарда еселерін қайтарды.

Былтырғы маусымдағы ел чемпионы, «Атырау» ВК жігіттері де сенбіде серпіліп, жеңіске жетті. Сөйтіп, жұма күні тай-брейкте есе жіберіп алған «Таразбен» екеуара жалпы есепті теңестірді. Әттең, екеуі де – финалға лайық командалар. Бірақ алтын медаль үшін додаға түсуге біреуі ғана өтуі керек. Яғни, жексенбі күні осы жұптағы ойын шектен тыс шиеленісті болары сөзсіз.

Тек «Буревестник» пен «Павлодар» ВК арасындағы додада үшінші матч қажет болмай қалды. Алаң иелері сенбі күні жұмада өткен матч өрнегін қайталап, алматылықтарды екінші рет тізе бүктірді. Әрі, бес жылдан кейін, кем дегенде, күміс жүлде алатын болды. Ал «Буревестник» жігіттері былтырғыдай үшінші орын үшін додаға түсетін болды.

Плей-офф додасындағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

02 сәуір (жексенбі)

5-8 орындар үшін

(10:00) «Ұшқын» (5) – «Жайық» (8)

Жалпы есеп – 1:1

(12:30) «Есіл СК» (6) – «Алтай» (7)

Жалпы есеп – 1:1

1-4 орындар үшін

(15:00) «Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4)

Жалпы есеп – 1:1

01 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (13-25, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Алтай» – 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 125 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-22, 25-22, 31-29)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-73. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 82-91. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

4 (сейсенбі), 5 (сәрсенбі) және 6 (бейсенбі /егер қажет болса/) сәуір

(10:00) Матч 7-орын үшін:

Ұтылғаны («Ұшқын» – «Жайық») – Ұтылғаны («Есіл СК» – «Алтай»)

(12:30) Матч 5-орын үшін:

Жеңімпаз («Ұшқын» – «Жайық») – Жеңімпаз («Есіл СК» – «Алтай»)

(15:00) Матч 3-орын үшін:

Ұтылғаны («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – «Буревестник»

(17:30) ФИНАЛ:

Жеңімпаз («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – «Павлодар» ВК

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика