Главная / Высшая лига / Төрт лиганың биылғы біріншілігі сәуірде көмбеге жетеді chempionat-rk

Төрт лиганың биылғы біріншілігі сәуірде көмбеге жетеді

04/04/2023

ҚР чемпионаты-2022/23

(02 қараша 2022 ж., Алматы – 26 сәуір, 2023 жыл, Түркістан)

26 сәуір күні Қазақстанда 31-ші рет ұйымдастырылып отырған волейбол маусымы көмбесіне жетеді. Биылғы әуедоп додасының соңғы ысқырығы Түркістан төрінде безілдейді. Алдағы күндері және апталарда төрт дивизион, атап айтқанда, Жоғарғы және Жастар лигалары бесінші тур аясында өздерінің соңғы ойындарын өткізеді. Сәуір айында біз жаңа жеңімпаз командаларды біліп, көмбеге тақағандағы өзекті өртер күйзелістер мен шиеленісті бәсекелерге куә боламыз.

Осы төрт Лигадағы командаларға биылғы ел біріншілігін тәмамдау үшін 83 ойын қалды. Әрі бұлардың ішінде тек әйелдер арасындағы Жоғарғы лигада ғана қай команданың жеңімпаз болары белгілі десек, қателесе қоймаспыз. Қалған үшеуінде дода көрігі соңғы күнге дейін толастамауы керек. Соңғы, яғни бесінші турлар Жоғарғы лига командалары үшін Орал мен Түркістанда, ал Ұлттық лигалардың қосалқы құрамдары үшін Өскемен мен Таразда өтеді.

Тараздың волейбол додасын өткізуден бір жылға шеттетілген мерзімі аяқталған. Сөйтіп, әулиеаталықтар биылғы ел чемпионаты картасында өз жанкүйерлерін қызыққа бөлейтін 14-ші қала болады. Осылайша, биыл тек үш қала, атап айтқанда, Көкшетау, Ақтөбе және Теміртау шаһарлары 2022/23-маусымында тым болмаса бір турды өздерінде өткізуге мүмкіндік таппады.

=========

Әйелдер арасындағы Жоғарғы лига биылғы маусымды Оралда түйіндейді. Көш басындағы «Шымкент» ВК қыздары енді 4 ұпай олжаласа, жеңімпаз атанады. Әрі бұл мәртебеге олардың 12 сәуірде, яғни екінші ойын күні қол жеткізулері ықтимал. Дәл осы күні Шымкент арулары былтырғы маусымдағы Лиге жеңімпазы «Тараз» ВК қыздарымен кездеседі. Осы матчтан соң «чемпиондық тәж» оңтүстікқазақстандықтарға ауысуы әбден мүмкін. Жалпы, бұл дивизиондағы ең қызықты бәсеке төртінші орынға таласып жатқан «Ақтөбе» ВК мен «Атырау» ВК қыздары арасындағы бақталастық болады.

Жоғарғы лига (әйелдер)

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

04 04 ВЛЖ тк.png


Ерлер арасындағы Жоғарғы лига биылғы ел чемпионатын Түркістанда өтетін соңғы турда, бәрінен кеш аяқтайды. Алаң иелері «Тұран» тарландарының көш басындағы Талдықорғанның «Жетісу-Жастар» командасынан бір ұпайы – кем. Бірақ жетісулықтардан екі жеңісі – артық. Былтырғы 2021/22-маусымындағы жүлдегерлердің бәрі биыл да медаль алатын шығар. Оған күмән келтіру қиын, бірақ қайсысы қандай жүлде? Міне, сол әзірше белгісіз.

Жоғарғы лига (ерлер)

5-тур (21-26 сәуіря 2023 ж., Түркістан)

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаз – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан – 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-тур (21-26 желтоқсан 2022 ж., Қызылорда). Жеңімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-тур (21-27 қараша 2022 ж., Талдықорған). Жеңімпаз – «Жетісу-Жастар»

04 04 ВЛМ ткж.png


Қыздар арасындағы Жастар лигасында, екі айналымдық додадан соң, командалар екі топқа бөлінген. Енді 1-6 және 7-11 орындарға орналасқандар екі бөлек сынға түседі. Әрі осы аптада Өскеменде басталатын соңғы, яғни бесінші турда бұған дейінгі ұпайлары есепке алынбайды. Бәрі де қайтадан нөльден бастайды. Бірінші топ бес, ал екіншісі төрт ойыннан өткізіп, биылғы маусымды қорытындылайды. Былтыр Ұлттық лигада чемпион болған ұжымның фарм-клубы («Алтай-4») биылғы маусымның негізгі бөлігінде бірде-бір рет ұтылған жоқ. Енді соңғы турдағы алаң иесі ретінде бұған дейінгі көшбасшылық мәртебесіне селкеу түсірмеуге тырысып, дайындалып жатқан да болар.

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

2-айналым, 3-4 турлар (12.02 – 12.03.2023 ж.; Өскемен, Қарағанды). Жеңімпаз – «Алтай-4»

1-айналым, 1-2 турлар (05.11 – 17.12.2022 ж.; Петропавл, Өскемен). Жеңімпаз – «Алтай-4»

04 04 МЛЖ тк.png


Жігіттер арасындағы Жастар лигасында бәсеке көрігі – тым шиеленісті. Бұл дивизиондағы жеңімпаз бесінші турың соңғы ойын күні, яғни 18 сәуірде ғана анықталуы әбден мүмкін. Дәл қазір екі команда, атап айтқанда, «Атырау-2» ВК және «Тараз-2» ВК жігіттері бірдей ұпай жинап, иық тіресіп тұр. Тараздықтар соңғы турды өз алаңында өткізіп, көрермендеріне арқа сүйейтін болады. Бұлардан бөлек, осы дивизионның былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Алтай-2» жігіттерінің де өз ойы бар шығар. Өскемендіктердің көшбасшылардан төрт ұпайы кем болса да, «чемпиондық» атағын қолдан бере салмайтын болар. Маусым қорытындысына әсер етуі тиіс. Қысқасы, Тараздағы тайталас тым тартысты болары анық.

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

4-тур (16-23 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-тур (16-23 желтоқсан 2022 ж., Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-тур (13-20 қараша 2022 ж., Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

04 04 МЛМ ткж.png

ҚФВ Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика