Главная / Главные Новости / Көшбасшылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді chempionat-rk

Көшбасшылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді

26/02/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістанда әйелдер арасындағы Ұлттық лига клубтары 2022/23 маусымындағы, ел чемпионатының екінші кезеңіндегі, соңғы турды бастады.

Өскеменде өткен үшінші турдың қорытындысы бойынша көш басына орналасқан үш клуб сенбі күні жеңіске жетті. Осы, «А» тобындағы тартысты ойындар ертеңнен бастап, жанкүйерлерді қызыққа бөлейді. Әуелі алматылықтар «Жетісу» клубына биыл жүлделі орындардан дәмелі екендігін іс жүзінде дәлдеп беруге тырысады. Бұдан кейін алаңға Азияның екі азулы ұжымы шығады. Одан соң екінші кезеңде әлі жеңіске жетіп көрмеген «Ертіс» Қарағанды қыздарымен додаға түседі.

Екінші, «Б» тобындағы орталық матч «Тұран» мен «Айқаракөз» арасындағы кездесу болады. Алаң иелері биылғы маусымда жетісулықтарды әлі жеңіп көрген емес. Әрі осы ойында ұтылса, өкшесін басқан «Алтай-2» арулары алдын орап кетеді. Сондықтан, аянбайтын шығар.

Ертеңгі матчтар да сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де («Балуан Шолақ» с/к), 15:00-де және 17:30-да басталады.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* Астана уақытымен

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында көрсетіледі (сағат 13:00-де басталып, «Балуан Шолақ» с/к өтетін матчтардан басқасы).

Төрешілер: А.Ғұбашева, Н.Өмірзақ, О.Саттарова, Қ.Айдарбеков, С.Берденов, Д.Шүшбаев.

Бас қазы: А.Кувшинов.

Бас хатшы: Д.Баетов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

26 ақпан (жексенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Қуаныш СК»

(10:00, «А») «Жетісу» – «Алматы» ВК

(12:30, «А») «Алтай» – «Қуаныш»

(15:00, «Б») «Айқаракөз» – «Тұран»

(17:30, «А») «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

«Алтай-2» – дем алады

26 02 ҰЛӘ тк.png

25 ақпан («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Алтай-2» – 1:3 (16-25, 25-20, 18-25, 17-25)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 76-95. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-12, 25-12)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-19, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:0 (25-20, 25-20, 25-19)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-7, 25-16)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

27 ақпан (дүйсенбі)

(13:00, «Б») «Алтай-2» – «Ару-Астана»

(10:00, «Б») «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

(12:30, «А») «Қуаныш» – «Ертіс»

(15:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Жетісу»

(17:30, «А») «Алматы» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

01 наурыз (сәрсенбі)

(13:00, «Б») «Айқаракөз» – «Алтай-2»

(10:00, «А») «Алтай» – «Қарағанды» ВК

(12:30, «А») «Ертіс» – «Жетісу»

(15:00, «А») «Қуаныш» – «Алматы» ВК

(17:30, «Б») «Тұран» – «Қуаныш СК»

«Ару-Астана» – дем алады

02 наурыз (бейсенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Айқаракөз»

(10:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Қуаныш»

(12:30, «А») «Жетісу» – «Алтай»

(15:00, «Б») «Алтай-2» – «Тұран»

(17:30, «А») «Алматы» ВК– «Ертіс»

«Қуаныш СК» – дем алады

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика