Главная / Высшая лига / Шымкент және Түркістан тарландары жеңімпазды анықтады chempionat-rk

Шымкент және Түркістан тарландары жеңімпазды анықтады

24/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

5-тур (21 – 26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Ерлер арасындағы Жоғарғы лига біріншілігінің, әрі 2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионатының аяқталуына алты матч қана қалды. Дүйсенбі күні, Түркістанда өтіп жатқан соңғы, бесінші турда – биылғы маусымдағы соңғы демалыс күні. Ал жексенбіде, алаң иелері дивизион жеңімпазы мәртебесіне қол жеткізді деуге де болады.

«Тұран» мен «Шымкент-Динамо» ВК арасындағы матчқа шымкенттіктер биыл да бірінші орыннан үмітін әлі үзбей шыққан болатын. Ал ойыннан соң экс-жеңімпаз болып қалды. Ал бұл кездесудің басы шектен тыс шиеленісті болды.

Осы екі ұжым арасындағы бірінші партия биылғы чемпионаттағы, әрі алты Лиганың ішіндегі, ең тартысы додак (сет) болды. 72 (!) ұпай сарапқа салынып, шымкенттіктер бұл сетте 37:35 есебімен басым түсіп, биылғы маусымдағы мақсаттарын осы партиямен тәмамдағандай болды. Олар бұдан кейінгі үш сетте көршілерінен ұтылып, чемпиондық «эстафетаны» Түркістан жігіттеріне берді.

Рас, ресми түрде жеңімпаз болу үшін «Тұранға» сейсенбі немесе сәрсенбі күні «жарты қадам» алға басу керек. Бір қызығы, ендігі қалған екі күнгі матчта жеңіске жету міндет емес, тек осы екі ойынның біреуінде тай-брейкке дейін тайталасса да – жеткілікті. Бұл чемпионат қорытындысында топ жаруға молынан жетеді. Ал қарсыластары – «Қайсар» мен «Әлихан-Ақтөбе» ВК.

Тіпті мұның өзі де қажет болмай қалуы да ғажап емес. Өйткені, сейсенбі күні «Жетісу-Жастар» командасы мен «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері кездеседі. Міне, осы матчтың нәтижесі олардан кейін алаңға шығатын «Тұран» мен «Қайсар» кездесуі басталмай жатып-ақ, жаңа жеңімпазды анықтап беруі де мүмкін.

Егер осы матчта шымкенттіктер жеңіске жетсе немесе ойын тай-брейкке дейін созылса, онда «Тұран» сейсенбі күні Лига жеңімпазы атанады. Ал шымкенттіктер мен талдықорғандықтар арасындағы ойын өте тартысты өтуі керек. Себебі «Шымкент-Динамо» ВК екінші орыннан үмітін әлі түпкілікті үзген жоқ. Яғни, сейсенбіде бәрі де айқындалуы ықтимал.

Бесінші турдағы ойындар сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады.де енді қамшыны басуы тиіс.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаздар – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Түркістан. «Olimpic Centre» СК

* Астана уақытымен

* 24 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Кувшинов; Төрешілер: О.Саттарова, М.Шамахунов, Д.Шүшбаев; Бас хатшы: Д.Баетов.

26 сәуір (сәрсенбі)

(13:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:30) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

(18:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Тұран»

25 сәуір (сейсенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

24 04 ЖЛЕ тк.png

23 сәуір

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 2:3 (25-27, 25-21, 20-25, 27-25, 14-16)

Төрешілер: Шамахунов, Саттарова. Доп айырмасы: 111-114. Матч уақыты: 131 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 1:3 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Шүшбаев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-65. Матч уақыты: 78 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран» – 1:3 (37-35, 19-25, 19-25, 21-25)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 122 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 0:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

22 сәуір

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 2:3 (19-25, 25-27, 25-20, 25-20, 9-15)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 103-107. Матч уақыты: 124 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 1:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (25-22, 19-25, 25-21, 18-25, 4-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 91-108. Матч уақыты: 118 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 2:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Тұран» – «Жетісу-Жастар» – 3:1 (23-25, 25-17, 25-22, 29-27)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 102-91. Матч уақыты: 119 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:2 (Ақтау).

21 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Қайсар» – 3:0 (25-19, 25-16, 25-18)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 2:3 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Әлихан-Ақтөбе» – 0:3 (23-25, 23-25, 16-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 75 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:1 (22-25, 25-15, 25-17, 25-20)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 96 минут. ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:2 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 3:0 (Ақтау).

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика