Главная / Высшая лига U-23 / Шешуші кезеңде көшбасшы ауысты chempionat-rk

Шешуші кезеңде көшбасшы ауысты

15/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

Таразда жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизион командалары соңғы, бесінші турдың төрт күнгі ойындарын тәмамдады. Ойындар күнтізбесі бойынша, сенбі күні олар дем алады. Төрт күн ішіндегі 16 ойынның нәтижесі бойынша, «Тараз-2» ВК тарландары көш басындағы «Атырау-2» ВК жігіттерімен орын ауыстырды. Ал турнир кестесінің екінші квартетіндегі төрт ұжым биылғы ел чемпионатының қорытындысындағы орындарын білді.

Сәрсенбі күнгі шектен тыс тартысты матчта алаң иелерін тізе бүктірген «Атырау» клубының қосалқы құрамы содан кейін осы дивизионнның былтырғы жеңімпазы «Алтай-2» жігіттерімен кездескен. Бейсенбіге дейін екеуінің арасын үш ұпай бөліп тұрған. Бұл ойын да тараздықтармен өткен матч секілді өте шиеленісті болды.

Мұнайшылар тура «Тараз-2» тарландарымен өткен матчтағыдай, 0:2 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Әрі тай-брейкте табандылық танытып, жеңісті жұлып алды да. Сөйтіп, екі күн қатарынан камбэк жасап, жеңіске деген жігерліктің үлгісін паш етті.

Көшбасшы бір ұпай жоғалтқанда, «Тараз-2» жігіттері қарап қалмай, атыраулықтарды қайтадан қуып жетіп, жинаған ұпайлары бойынша олармен теңесті. Жұма күні алаң иелері көшбасшыны біраз тықсырған Өскемен өрендерімен кездесіп, ал атыраулықтар Алматы әуедопшыларымен додаға түсті.

Үш күнгі ойындардың нәтижесі бойынша, «Буревестник-2» қырандары ғана осы турда жүз пайыздық көрсеткішпен «адымдап» келе жатқан ұжым болатын. Олар осы қарқындарын көшбасшымен өткен матчта да уыстарынан шығарған жоқ. Үшінші рет қатарынан кішігірім ерлік тантытуға «Атырау-2» жігіттерінің күш-жігерлері жетпеді.

Сөйтіп, «Буревестник-2» Тараз төрінде төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл алаң иелерін мейілінше ынталандырып, қамшылай түсті. Егер Өскемен өрендері жеңіске жетсе, турнир кестесіндегі жағдай шым-шытырық болып, «шатысар» еді.

Алайда, осыдан бір күн бұрынғы, атыраулықтармен өткен ойында, көп күш жұмсаған «Алтай-2» жігіттері де титықтап қалған екен. Тараздықтармен тайталасуға шама-шарықтары жетпеді. Сөйтіп, алаң иелері жеңіске жетіп, енді өздері жеке-дара көш бастады. Әрі «Атыраудың» фарм-клубынан үш ұпай айырмасымен ұзай түсті.

Енді, қалған 12 матчтың екеуінде ғана бірінші квартеттегі командалар бір-бірімен кездеседі. Екеуінде де «Буревестник-2» додаға түседі. Жексенбі күні тараздықтармен, ал дүйсенбіде өскемендіктермен кездеседі. Қалған ойындар турнир кестесіне де, басқа кездесулерге де ешқандай әсері жоқ, күнтізбелік матчтар ғана болады.

Енді, «Есіл СК-2» командасы да, «Жайық-2» жігіттері де, «Ұшқын-2» ұландары да, «Павлодар-2» ВК бозбалалары да турнир кестесіндегі орындарынан қозғалмайды. Биылғы ел біріншілігін дәл қазіргі орындарында тәмамдайды. Осы төрттік арасындағы ойындарда кездейсоқ нәтижелер бола ма, оны уақыт көрсетеді. Ал біз жексенбі күнгі алаң иелері мен алматылықтар арасындағы матч нәтижесін күтеміз.

Бесінші турдағы соңғы екі күнгі матчтар да сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

Тараз. «Тараз-Арена»

* Астана уақытымен

* 15 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ю.Акулова, А.Қалиев, А.Сейдехан, Д.Махамбетияров; Бас хатшы: Н.Баялиева.

16 сәуір (жексенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(15:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК

04 15 ЖЛЖ тк.png

14 сәуір

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-21, 15-25, 25-20, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Сейдехан. Доп айырмасы: 90-87. Матч уақыты: 88 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (7-25, 23-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Акулова. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 58 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Буревестник-2» – 1:3 (22-25, 25-17, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Қалиев. Доп айырмасы: 84-92. Матч уақыты: 83 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (25-20, 25-23, 25-19)

Төрешілер: Қалиев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:0 (Орал), 0:3 (Атырау).

13 сәуір

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (25-17, 22-25, 25-12, 25-18)

Төрешілер: Сейдехан, Қалиев. Доп айырмасы: 97-72. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 1:3 (26-24, 21-25, 25-27, 19-25)

Төрешілер: Қалиев, Сейдехан. Доп айырмасы: 91-101. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Алтай-2» – «Атырау-2» ВК – 2:3 (25-15, 25-22, 23-25, 19-25, 18-20)

Төрешілер: Акулова, Махамбетияров. Доп айырмасы: 110-107. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 3:1 (Орал), 2:3 (Атырау).

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-11, 25-20)

Төрешілер: Махамбетияров, Акулова. Доп айырмасы: 75-47. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

12 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 1:3 (20-25, 13-25, 27-25, 16-25)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 76-100. Матч уақыты: 81 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14-25, 22-25, 23-25)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 2:3 (Орал), 1:3 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (11-25, 16-25, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 57 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл), 1:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (15-25, 22-25, 25-18, 25-14, 15-12)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 102-94. Матч уақыты: 111 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:2 (Орал), 3:0 (Атырау).

11 сәуір

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-13, 25-10, 25-7)

Төрешілер: Сейдехан, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-30. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Махамбетияров, Сейдехан. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл), 3:0 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:0 (25-19, 25-22, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл), 3:1 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (19-25, 21-25, 18-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл), 0:3 (Орал), 0:3 (Атырау).

17 сәуір (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2»

18 сәуір (сейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика