Главная / Главные Новости / Маусым бойы көш бастаған командалар сүрінді chempionat-rk

Маусым бойы көш бастаған командалар сүрінді

01/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Жұма күні, 31 наурызда, Павлодарда ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары шешуші доданы бастады. 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі додасында бірінші төрттікке іліккен клубтар жүлделі орындарды, ал екінші квартет 5-8 орындарды сарапқа салып жатыр.

кан.jpg

Плей-офф сатысының жартылай финалындағы бірінші ойындар командалар Ертіс жағасына ел чемпионатын соңына дейін өткізе салуға келмегендерін сездірді. Бәрі де нәтижелі және өрнекті ойын үлгісін көрсетті. Екі жеңіске дейін ұласатын текетірестерде бір емес, бірнеше жұптағы дода үш ойынға дейін созылатын секілді.

Еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионы «Атырау» ВК мен «Тараз» ВК арасындағы матч шектен тыс шиеленісті өтіп, екі сағаттан астам уақытта (134 минут) 226 ұпай сарапқа салынды. Оңтүстік өңірден келген ұжым екі рет таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып та алды.

Алаң иелері де «Буревестникпен» өткен матчта маусым барысындағы ойындардың бәрі де, ендігі өткен шақтағы нәтижелер екенін көрсетті. Олар да өте маңызды матчта жұдырықтай жұмыла алатындықтарын паш етті. Енді, сенбі күні, атыраулықтар мен алматылықтарға маусым басындағы мақсаттары қола жүлдеге таласу емес екендігін дәлелдеу қажет.

Ал 5-8 орындар сарапқа салынып жатқан төрттікте «Ұшқын» мен «Есіл» алға шықты. Көкөше клубы тай-брейкте «Жайықтан» басым түсті. Қызылжар қырандары болса, «Алтаймен» бірінші ойын күні үш сеттік жалқы ойын өткізді.

Плей-офф додасындағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

1 сәуір (сенбі)

5-8 орындар үшін

(10:00) «Ұшқын» (5) – «Жайық» (8)

Әзірше, есеп – 1:0

(12:30) «Есіл СК» (6) – «Алтай» (7)

Әзірше, есеп – 1:0

1-4 орындар үшін

(15:00) «Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4)

Әзірше, есеп – 0:1

(17:30) «Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3)

Әзірше, есеп – 0:1

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

Егер қажет болса – 2 сәуір (жексенбі)

5-8 орындар үшін

(10:00) «Ұшқын» (5) – «Жайық» (8)

(12:30) «Есіл СК» (6) – «Алтай» (7)

1-4 орындар үшін

(15:00) «Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4)

(17:30) «Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3)

4 (сейсенбі), 5 (сәрсенбі) және 6 (бейсенбі /егер қажет болса/) сәуір

(10:00) Матч 7-орын үшін:

Ұтылғаны («Ұшқын» – «Жайық») – Ұтылғаны («Есіл СК» – «Алтай»)

(12:30) Матч 5-орын үшін:

Жеңімпаз («Ұшқын» – «Жайық») – Жеңімпаз («Есіл СК» – «Алтай»)

(15:00) Матч 3-орын үшін:

Ұтылғаны («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – Ұтылғаны («Буревестник» – «Павлодар» ВК)

(17:30) ФИНАЛ:

Жеңімпаз («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – Жеңімпаз («Буревестник» – «Павлодар» ВК)

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика