Главная / Главные Новости / Ұлттық лига тарландары екінші турды бастайды chempionat-rk

Ұлттық лига тарландары екінші турды бастайды

05/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Сейсенбі күні, яғни ертең еліміздің ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасындағы командалар Алматы төрінде екінші турды бастайды. Барлық ойындар «Буревестник» командасының алаңында, яғни «АВВ Arena» залында додаға түседі. Көш басындағы «Атырау» ВК үш ұпай қалып келе жатқан алматылықтар алаң қожайындары ретінде барлық матчтарын сағат 15:00-де бастайтын болады.

Бірінші турдың аяғы мен екінші турдың басындағы жаттығу жұмыстарына бөлінген уақыт бір айға да жетпеді. Еліміздегі ауа-райы мен климат ауысымы әуедопшыларымызға да әсер етті. Төбеден жай «түскендей», бәрімізді таңдандырған жаңалық, Атырауда бас бапкердің ауысқаны болды. Команданы ҚР чемпионатының 2021/22-маусымында және ел кубогында, сондай-ақ ҚР Суреткубогы – 2022 матчында жеңіске жеткізген Виктор Козикті ресми түрде Украина маманы Юрий Мельничук алмастырыпты. Бапкерлер мамандығында мұндай жағдайлар болып тұрады. Бәлкім, жеке басына қатысты немесе басқа да себерптері болған шығар. Қалай десек те, кезінде Алматы командасының намысын қорғаған маман бір маусымда барлық бас бәйгені жеңіп алып, басқа ұжымдардан гөрі дәл «өзінің» «Буревестнигіне» дес бермеген еді.

Сәуір айында өткен плей-офф сатысындағы додада, яғни Тараздағы бірінші матчта Козиктің командасы алматылықтардан ұтылып қалып, одан кейінгі екі ойында жеңіске жетіп, финалға шыққан. Содан соң Петропавлдың «Есіл СК» клубынан басым түсіп, ел чемпионатында топ жарған. 13 қазан күні, Атырауда өткен ел кубогының финалында, мұнайшылар «Буревестникті» тай-брейкте ұтып, тағы да қапы қалдырған. Ал 2 қараша күні, бірінші турдың басында өткен маңызды матчта алматылықтардан тағы да айласын асырып, ҚР Суперкубогын көздерінен бұл-бұл ұшырған...

Енді, міне, «Буревестник» өз алаңында есе қайтаруды көксеп отырғанда, тағдыр осылай шешіп, жолдарын екі айырған. Әйтсе де, енді Рафаиль Гилязутдиновтың командасына еселерін қайтарып, ел чемпионын қуып жетуге болатын тамаша мүмкіндік туындап тұр. Екі үздік командамаыздың арасындағы екінші матч 7 желтоқсан күні сағат 15:00-де басталуы керек.

Жалпы, екінші тур ойындары арасына бір күн демалыс салып, 13 желтоқсанға дейін созылады.

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бірінші турдан кейінгі турнир кестесі. 6 желтоқсанға дейінгі жағдай

Табл1 2т.png

Бірінші турдыӊ нәтижелері

Табл2 2т.png

06 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(15:00) «Буревестник» – «Жайық»

(17:30) «Ұшқын» – «Тараз» ВК

07 желтоқсан (сәрсенбі)

(10:00) «Жайық» – «Павлодар» ВК

(12:30) «Алтай» – «Ұшқын»

(15:00) «Атырау» ВК – «Буревестник»

(17:30) «Есіл СК» – «Тараз» ВК

08 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайык»

(12:30) ВК «Тараз» – «Алтай»

(15:00) «Буревестник» – «Есиль СК»

(17:30) ВК «Павлодар» – ВК «Атырау»

09 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Жайық» – «Тараз» ВК

(12:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Есіл СК» – «Алтай»

11 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» – «Атырау» ВК

(15:00) «Ұшқын» – «Буревестник»

(17:30) «Алтай» – «Жайық»

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика