Главная / Главные Новости / Ұлттық лига: Сәуірде тәуірді білеміз chempionat-rk

Ұлттық лига: Сәуірде тәуірді білеміз

23/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың төртінші, соңғы туры 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылап берді. 31 наурыз күні бірінші квартет жүлделі орындарды сарапқа салып, ал екінші төрттік 5-8 орындар үшін додаға түседі.

Алматы, Павлодар және Атырау ареналарында өткен төрт турда жалпы саны 112 ойын өтті. Әрі тура осы қалалардың командалары ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салуға дайындалып жатыр. Егер, Тараз қаласы жазаға тартылып, бір жылға аластатылмағанда, 2022/23 маусымы ойындарын өткізуге дайын болуы әбден ықтимал еді.

Былтырғы маусыммен салыстырғанда, биылғы үздік үштік сапында бір ғана өзгеріс бар. 2021/2022 маусымында күміс жүлдегер атанған «Есіл СК» клубының орнын биыл «Павлодар» ВК жігіттері басты. Бұл орайда, команданың осындай деңгейге көтерілуіне бас бапкері Игорь Никольченконың тәжірибесі мен біліктілігі ықпал еткенін айта кеткен жөн.

Соңғы турда «Тараз» тарландары да былтырғы «Есіл СК» жігіттері секілді көсіле сілтеді. Бір жыл бұрын, соңғы турда Петропавл клубы да қамшыны басып, ұзақ уақыт бойы төртінші орынды иеленіп келген Ақтаудың «Маңғыстау» клубын төмен ығыстырған болатын. Биыл «Тараз» соны қайталады. Тараздықтар Павлодардағы үшінші турда жеңісті жолын нық қадаммен бастап, Атырауда қарсылас шақ келтірмеді. Әрі клубтық-құрлықтық деңгейде өздерінің Азиядағы төртінші команда екендіктерін бәрінің есіне түсірді.

«Таразға» Павлодарда өткен турда алаңға шығып, көмектескен бас бапкерінің мол тәжірибесі көп көмек болса, төртінші турға клуб «диагонал шабуылшы» шебіне үшінші легионерді, яғни ресейлік Никита Швалевті тіркеп үлгерді. Әрі өкінген жоқ. Ұйымдастырушылар комитеті пікірінше, әулиеаталықтар сапында үздік ойыншы атанған Александр Фоменко осы жүлдесін Швалевпен бөліссе де болады.

Енді, «Тараз» тарландарарымен плей-офф сатысының жартылай финалында кездесетін ел чемпионына, яғни «Атарау» клубына көп ойлану керек. Көктемде екпін алып, қарқынын үдеткен әулиеаталықтарды тоқтату үшін тактикалық дайындықтарын күшейтулері керек.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

31 наурыз, 1 сәуір және 2 сәуір (қажет болса)

1-4 орындар үшін

(1) «Атырау» ВК – (4) «Тараз» ВК

(2) «Буревестник» – (3) «Павлодар» ВК

5-8 орындар үшін

(5) «Ұшқын» – (8) «Жайық»

(6) «Есіл СК» – (7) «Алтай»

4, 5 және 6 (қажет болса) сәуір

ФИНАЛ: («Атырау» – «Тараз» ВК) жеңімпазы – («Буревестник» – «Павлодар» ВК) жеңімпазы

3-орын үшін: («Атырау» – «Тараз» ВК) ұтылғаны – («Буревестник» – «Павлодар» ВК) ұтылғаны

5-орын үшін: («Ұшқын» – «Жайық») жеңімпазы – («Есіл СК» – «Алтай») жеңімпазы

7-орын үшін: («Ұшқын» – «Жайық») ұтылғаны – («Есіл СК» – «Алтай») ұтылғаны

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 06 сәуір 2023 ж., Павлодар)

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

* 16 және 19 ақпан демалыс күндері болды

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: Е.Сырлыбаев; Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

23 02 ҰЛЕ тк.png

Төрт турдағы ойындар нәтижесі

23 02 ҰЛЕ он_2 табл.png

23 02 ҰЛЕ 4тк.png

23 02 ҰЛЕ 4тон.png

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

17 ақпан

«Алтай» – «Есіл СК» – 2:3 (25-20, 21-25, 17-25, 25-22, 11-15)

«Жайық» – «Тараз» ВК – 1:3 (19-25, 25-19, 16-25, 21-25)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 0:3 (28-30, 21-25, 22-25)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (25-21, 17-25, 21-25, 19-25)

18 ақпан

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 1:3 (17-25, 25-23, 22-25, 19-25)

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21-25, 27-29, 16-25)

«Есіл СК» – «Жайық» – 1:3 (19-25, 20-25, 25-19, 21-25)

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:1 (25-20, 25-19, 25-27, 25-22)

20 ақпан

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-16, 11-25, 16-25, 27-29)

«Алтай» – «Жайық» – 2:3 (18-25, 25-22, 25-21, 17-25, 11-15)

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (21-25, 25-27, 25-20, 20-25)

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:0 (25-22, 25-20, 25-17)

21 ақпан

«Ұшқын» – «Алтай» – 1:3 (25-18, 18-25, 19-25, 23-25)

«Тараз» ВК – «Павлодар» ВК – 3:2 (21-25, 25-22, 20-25, 25-17, 15-13)

«Есіл СК» – «Буревестник» – 2:3 (25-23, 25-19, 18-25, 19-25, 7-15)

«Жайық» – «Атырау» ВК – 0:3 (23-25, 20-25, 15-25)

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика