Главная / Высшая лига U-23 / Командалар арасын партия айырмалары бөлді chempionat-rk

Командалар арасын партия айырмалары бөлді

13/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

4-тур (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Жексенбі күні, 12 наурызда, бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизион төртінші турды тәмамдады. Қарағанды қаласында өткен бұл тур әр команда 20 ойыннан өткізген екі айналымдық кезеңді қорытындылап берді.

Негізі, осы турға дейін де келесі кезеңде, яғни бесінші турда қай команданың қай топта ойнайтындығы белгілі болған. Осы ретте айта кетумізі керек, бесінші турда бәрі басынан басталады. Сөйтіп, 1-6 және 7-11 орындарды сарапқа салатын екі топтағы командалар бес және төрт ойыннан өткізіп, биылғы маусымды қорытындылайды.

Қарағандыда өткен турдың соңғы екі күнінде әр команда өз мұраттарын жүзеге асыруға тырысты. Оның нәтижесі жаман болған жоқ. Бірақ олардың кейбіреулерінің статистикалық деректерін есептеу үшін калькулятордың «көмегіне» жүгінуге де тура келді.

«Алтай» клубы жүйесіндегі «Төртінші» ұжым кеншілер шаһарында өздерінің «Үшінші» құрамдарынан бір ұпай кем жинаса да, екі айналымдық додада топ жарды. Олар әрі 20 ойынның бәрінде жеңіске жетті. Ал бұрын Семейдің өкілі болған командаға енді өз әріптестерімен өтетін үшінші матчқа жан-жақты дайындалып, тай-брейктегі жеңілістері спорттық сәтсіздік қана екенін дәлелдеу қажет.

«Алматы» ВК және «Тұран», «Айқаракөз» және «Қарағанды» ВК, сондай-ақ «Қуаныш СК» және «Ару-Астана» клубтарының қосалқы құрамдарының турнир кестесіндегі орындарын анықтау үшін ұтқан партияларының айырмасы есепке алынды. Қайсыбіреуінің коэффициенттері бірнеше «жүздік» бөлікте ғана кем түсіп, бәсекелесінен төмен орналасты. Кім біледі, мүмкін бұл соңғы турда есе қайтару үшін таптырмас ынта-жігер болып шығар.

Ұйымдастырушылар турдан соң, қалыптасқан әдет бойынша, әр команда сапынгдағы үздік ойыншыны жариялады: Анастасия Карташова (№16, «Алтай-4»), Альдана Дугумова (№5, «Алтай-3»), Мерей Ақжолтай (№6, «Жетісу-2»), Виктория Морозова (№22, «Алматы-2»), Нәписа Ыдырыс (№4, «Тұран-2»), Диана Центнер (№6, «Ертіс-2»), Айсұлу Мұхтарқызы (№1, «Айқаракөз-2»), Кристина Севальнёва (№9, «Қарағанды»), Азалия Әменова (№9, «Қуаныш СК-2»), Аяна Айдарбекова (№8, «Ару-Астана-2»), Жансая Махатова (№5, «Қуаныш-2»).

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

4-тур, 2-айналым (06 - 12 наурыз 2023, Қарағанды)

Қарағанды. ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университтетінің с/з

* Астана уақытымен

* 9 наурыз – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

Бас қазы: Ю.Акулова; төрешілер: О.Саттарова, Ғ.Әбдірейімов, А.Әбденәбиев, Е.Сейітов, А.Якимчук.

12 ІІІ ЖДҚ ткс.png

12 наурыз («Айқаракөз-2» дем алды)

«Ару-Астана-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (18-25, 18-25, 21-25)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 57-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Тұран-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-11, 25-16, 25-15)

Төрешілер: Саттарова, Якимчук. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 53 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-3» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-17, 25-16, 22-25, 25-13)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 97-71. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш СК-2» – «Алтай-4» – 0:3 (9-25, 13-25, 22-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 44-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Қарағанды-2» ВК – 2:3 (25-17, 18-25, 30-28, 21-25, 11-15)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

11 наурыз («Қуаныш СК-2» дем алды)

«Алматы-2» ВК – «Ертіс-2» – 2:3 (25-22, 25-22, 18-25, 27-29, 13-15)

Төрешілер: Әбденәбиев, Якимчук. Доп айырмасы: 108-113.Матч уақыты: 112 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен).

«Қуаныш-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (21-25, 23-25, 25-20, 23-25)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 92-95. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Алтай-3» – 0:3 (22-25, 16-25, 22-25)

Төрешілер: Саттарова, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 60-75. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Тұран-2» – 3:2 (20-25, 25-12, 17-25, 25-10, 16-14)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 103-86. Матч уақыты: 95 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-23, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Сейітов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

10 наурыз («Қарағанды-2» ВК дем алды)

«Тұран-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:2 (25-16, 25-15, 25-27, 23-25, 15-8)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 113-91. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-3» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-16, 25-12, 25-9)

Төрешілер: Саттарова, Якимчук. Доп айырмасы: 75-37. Матч уақыты: 47 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Алматы-2» ВК – 0:3 (20-25, 17-25, 22-25)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (15-25, 15-25, 14-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 44-75. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Алтай-4» – 1:3 (17-25, 14-25, 25-22, 9-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 65-97. Матч уақыты: 84 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

08 наурыз («Тұран-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-17, 25-19, 27-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Якимчук. Доп айырмасы: 77-61. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (6-25, 16-25, 24-26)

Төрешілер: Якимчук, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 46-76. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:2 (22-25, 25-11, 24-26, 25-13, 15-10)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 111-85. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (27-25, 15-25, 15-25, 25-23, 15-8)

Төрешілер: Саттарова, Сейітов. Доп айырмасы: 95-106. Матч уақыты: 111 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен).

«Алматы-2» ВК – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 23-26)

Төрешілер: Сейітов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 63-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

07 наурыз («Алматы» ВК дем алды)

«Алтай-3» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-16, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Якимчук, Сейітов. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 59 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-27, 25-18, 25-18, 25-4)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 100-67. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (24-26, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Саттарова. Доп айырмасы: 59-76. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Алтай-4» – 2:3 (20-25, 25-23, 6-25, 29-27, 11-15)

Төрешілер: Саттарова, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 91-115. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Жетісу-2» – 2:3 (19-25, 26-24, 18-25, 25-21, 8-15)

Төрешілер: Әбдірейімов, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен).

06 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (16-25, 23-25, 22-25)

Төрешілер: Әбденәбиев, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 25-17, 22-25, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Әбденәбиев. Доп айырмасы: 97-84. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-13, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Якимчук, Саттарова. Доп айырмасы: 75-49. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Алтай-3» – 1:3 (16-25, 18-25, 25-23, 17-25)

Төрешілер: Сейітов, Якимчук. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 4-25, 19-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Сейітов. Доп айырмасы: 32-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл).

=================================================

1=Алтай4=Карташова.jpg

2=Алтай3=Дугумова.jpg

3=Жетысу=Акжолтай.jpg

4=Алматы-Морозова.jpg

5=Туран=Ыдырыс.jpg

6=Иртыш=Центнер.jpg

7=Айкаракоз=Мухтаркызы.jpg

8=Караганда=Севельнева.jpg

9=куаныш Ск=Аменова.jpg

10=Астана=Айдарбекова.jpg

11=Куаныш-2=Махатова.jpg

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика