Главная / Высшая лига / Әйелдер мерекесінде арулар шығады алаңға chempionat-rk

Әйелдер мерекесінде арулар шығады алаңға

06/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Сәрсенбіде, Халықаралық әйелдер күні, 8 наурызда Жоғарғы лига арулары ел чемпионатының төртінші турын бастайды. Олар көктемгі алғашқы доп додасын қыстың соңғы додасы секілді еліміздің Батыс өңірінде өткізеді. Бұл жолы – тек Оралда емес, Атырауда.

Соңғы тур қарсаңында турнир кестесіне үңілер болсақ, жалпы жағдай түсінікті, біраз мәселе шешіліп те қойған. Көш басындағы үш ұжым ел чемпионатының жүлделі орындарын сарапқа салуға дайындалып жүр. Ал Лигаға биылғы маусымда қосылған «Ақтөбе» ВК мен «Атырау» ВК төртінші орынға таласады.

Сонда, төртінші турдан не күтуге болады? Бұған дейінгі үш турда топ жарып, өзгелерден қара үзіп кеткен «Шымкент» ВК қыздарына бұл жолы еркінсіп, тізгін тартуға да болады. Ал оның басты бәсекелесі «Тараз» ВК аруларына барлық ойында тек жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салу керек. Бірақ бұл да, Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазына былтырғы жетістігін қайталауға жеткіліксіз болуы әбден мүмкін.

Өткен турда «Атырау» нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, төртінші орындағы команданың өкшесін басқан. Олар осы жолы, клуб тарихында бірінші рет өз жанкүйерлері алдында ойнайды. Ал атыраулық көрермендер ерлер арасындағы өздері аттас клубтың жетістіктеріне әбден үйреніп алған. Егер Атырау арулары ақпан айындағы қарқындарын жоғалтпаса, онда өз алаңында жанашыр жанкүйерлерінің сенімдерін ақтай алады деп ойлаймыз.

Төртінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Атырау. «Нұрсая» ДШСК

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 11 наурыз – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

03 06 ЖЛӘ тк.png

03 06 ЖЛӘ-он.png

08 наурыз (сәрсенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

09 наурыз (бейсенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Шымкент» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Грация-KZ»

10 наурыз (жұма)

(12:00) «Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

(16:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

12 наурыз (жексенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

13 наурыз (дүйсенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика