Главная / Главные Новости / Халықаралық маусым – 2023 mezhdunarodnye-sorevnovaniya

Халықаралық маусым – 2023

01/12/2022

Азия конфедерациясы ұлттық Федерацияларды 2023 жылғы халықаралық додалар күнтізбесімен алдын-ала таныстырып отыр.

Ұлттық құрамалар үшін құрлықтағы басты додалар күзге салым басталады. Тамыз айында ерлер Иранда, ал қыркүйекте әйелдер Таиландта додаға түседі.

Әйелдер арасындағы соӊғы Азия чемпионаты 2019 жылы өткен. Ал былтыр құрлық біріншілігі пандемияға байланысты әуелі кейінге шегеріліп, артынан мүлде өткізілмейтін болып шешілген. Ал ерлер арасынлағы дода жоспарлы түрде өтіп келеді.

Осы екі чемпионаттан кейін 2024 жылғы Олимпиада ойындарыныӊ іріктеу додалары басталады. Іріктеу жүйесі әдеттегідей көп сатылы болады. Әрі оныӊ көбісі Азия чемпионаттарындағы қорытынды нәтижелерге байланысты болады. Електік сынды әйелдер қыркүйек айында, ал ерлер қазанныӊ басында бастайды.

Бұлармен қоса, Ұлттық құрамаларымыз тағы бір маӊызды сында ел намысын қорғайды. Ол – ХІХ Азия ойындары. Негізі, бұл додалар биыл өтуі керек болатын, бірақ келесі жылға шегерілген.

Маусым айында, Қытай мен Өзбекстанда алғаш рет 16 жасқа дейінгі жастар арасындағы құрлықтық додалар жалауын көтереді. Бұлар U-23 санатындағы Азия чемпионаттарын алмастырып отыр.

Ал алдағы жылы еӊ алғаш болып, халықаралық аренада ел чемпиондары, яғни Өскеменніӊ «Алтай» клубы мен «Атырау» ВК командасы бақ сынайды. Шығысқазақстандықтар Вьетнамда (сәуірде), ал батыстықтар Бахрейнде (мамырда) дода көрігін қыздырады.

Біз тек, жоспарланған додалардыӊ бәрі де бекітілген уақытарында өтеді деп үміттенеміз. Ал өткізілу мерзімін кез келген уақытта икемдеп алуға болады.

2023 жылғы турнирлер күнтізбесі

Табл ХК.png

анг.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика