Главная / Главные Новости / Біздіӊ Кристина Белова – Еуропада novosti-sbornye

Біздіӊ Кристина Белова – Еуропада

03/12/2022

Ақ жол, Кристина!

Кристина Белова (29.11.1998)

ҚР ұлттық құрамасыныӊ және Венгрияныӊ «Фатум Ньиредьхаза» («Fatum Nyíregyháza») ВК ойыншысы

Клубтық карьерасы: «Ертіс» Павлодар (2014 ж. бастап, 2018 ж. жазына дейін), «Алтай» Өскемен (2018 ж. күзінен бастап, 2022 ж. мамыр айына дейін), «Фатум-Ньиредьхаза» Ньиредьхаза (2022 ж. күзінен бастап).

ҚР құрамасы сапында: 2018 және 2022 жылдардағы Әлем чемпионатына; 2019 жылы Азия чемпионатына; 2018 жылы Азия ойындарына; 2019 және 2020 жылдары ОО-2020 іріктеу додасына қатысқан. Сондай-ақ 2017 және 2019 жылдары жастар арасындағы (U-23), ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы (U-19), 2014 жылы бойжеткендер арасындағы (U-17) Азия чемпионаттарында бақ сынаған.

«Ертіс» сапында: ҚР кубогы жеӊімпазы – 2016.

«Алтай» сапында: Клубтық Азия чемпионы – 2021; ҚР үш дүркін чемпионы – 2018/19, 2020/21, 2021/22; ҚР кубогыныӊ үш дүркін жеӊімпазы– 2019, 2020, 2021; ҚР Суперкубогыныӊ екі дүркін жеӊімпазы – 2020, 2021. Әлем чемпионаттарына қатысқан – 2018, 2021; клубтық командалар арасындағы Азия чемпионаттарында ел намысын қорғаған – 2019, 2021, 2022. Маусым қорытындысы бойынша екі рет ҚР чемпионатыныӊ еӊ үздік қиғаш ұратын ойыншысы болып танылған – 2018/19, 2019/20.

Ел волейболыныӊ Ұлттық лигасында, бірінші кезекте, бойындағы үрей мен тәуекелді жеӊіп, өздерініӊ кәсіби мансаптарын шет елдерде жалғыстыруға бел буатын ойыншылар көп емес. Біз қуана қабыл алатын, бізге қай жағынан болса да, ерекше ұнайтын мұндай жағдай биылғы маусым аралығында жүзеге асты. Тағдырдыӊ жаӊа сынағынан өтіп көруге және жылы орны Өскеменді одан кем түспейтін, бірақ айтылуы қиындау Ньиредьхазаға ауыстыруға Ұлттық құрамамыздыӊ №29 ойыншысы Кристина Белова тоқталып, шешім қабылдап отыр.

ДР.jpg

Семейде өткен, финалда «Алтай» жеӊісті уысынан шығарып алған, клубтық Азия чемпионатынан кейін, Кристина өзініӊ шетелдік еӊ алғашқы келісімшартына қол қойды. Күзден бастап, «Кики» (Белованыӊ еркелетілген қысқаша есімі) – Венгрияныӊ Экстралигасында бақ сынайтын «Fatum Nyíregyháza» клубыныӊ ойыншысы. Кристина өзініӊ жаӊа командасында да өзіне ұнайтын және жолын ашатын 13 (он үшінші) нөмірді алды.

фатиим13.jpg

Осы аптада Кристина 24-ке немесе небәрі 24 жасқа толды. Бұл ретте, оныӊ Қазақстанда қол жеткізген жетістіктеріне қарап, бұдан айна-қатесіз қорытынды шығару үшін «алға, Кристина», «батыл бол, сеніӊ қабілетіӊ жетеді» деген дұрыс болады. Ал бүгін Павлодар волейболы мектебініӊ түлегі жетістіктеріне жіпке тізіп шыққымыз келеді.

в красном с мячом.jpg

Екініӊ бірі 24 жасына дейін қос Әлем чемпионатына қатысқандығын мақтан тұта алады. Ал Белова екі мәрте бақ сынаған. Ол өз карьерасында шүмектетіп тер төгіп, срорттық сатымен жоғары өрлеп келеді. 16 жасқа толуына бір ай қалғанда, 2014 жылы Қазақстан туы бар жейдені алғаш рет киіп, Таиландта өткен құрлық біріншілігінде U-17 санатындағы ел құрамасыныӊ намысын қорғады. Содан бері сол жейдені «шешкен» емес. Тай елініӊ Накхонратчасима деген қаласы Белова үшін Павлодардан кейінгі «өз» үйіне айналды. Өйткені, дәл осы қалада 2014 жылы U-17, ал 2016 жылы U-19, сондай-ақ 2017 жылы U-23 санатындағы Азия чемпионаттары өтті. Ал Крстина осы құрамалардыӊ сапында тұрақты түрде өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Ертіс» сапында да үнемі алаӊға шығып, 18 жасқа толмай тұрып, еліміздегі алғашқы ерен жетістігіне қол жеткізді, яғни 2016 жылы Қазақстан кубогы жеӊімпазы атанды.

игров.jpg

2018 жылы сол кездегі Ұлттық құраманыӊ бас бапкері Вячеслав Шапран өрімдей жас Белованы әуелі Азия ойындарына шақырды, ізінше Әлем чемпионатында «томағасын» сыпырды. Сол кезде Кристина құрама сапындағы еӊ жас ойыншы болды (кейіннен одан жас тек Жанна Сыроешкина болды). Ал қазір, яғни төрт жылдан кейін өткен бүкіләлемдік додада ол тәжірибелі қыздарымыздыӊ бірі болды. Сол кезде, 2018 жылғы маусым аралығында Белова «Алтай» клубыныӊ ұсынысын қабыл алып, Павлодардан Өскеменге ауысты. Содан бері, төрт маусымныӊ ішінде Кристинаныӊ қоржыны тоғыз командалық және екі жеке атақ-лауазыммен толықты. Әзірше еӊ соӊғы жетістігі – 2022 жылғы клубтық Азия чемпионатыныӊ күміс жүлдесі. Енді – жаӊа кезеӊ және жаӊа сын.

с мира.jpg

Бұл командада Кристинадан басқа тағы да алты легионер бар екен. Олар – Украина, Латвия, Түркия, Словения және Босния ойыншылары. Ал Венгрияныӊ Экстралигасында небәрі сегіз команда ғана өнер көрсетеді. Олар «үйде – түзде» жүйесімен додаға түседі. «Фатум Ньиредьхаза» алты тур бойы сәтсіздікке ұшырап, соӊғы екі ойында жеӊіске жетті. Клуб бас бапкерін ауыстырды. Ал бұл өз кезегінде командаға әсер етеді. Ұжым бір «сілкініп» алып, көӊілге қонымды нәтиже де көрсетуі мүмкін. Енді, не болса да, Кристинаға жаӊа командасында бағы ашылып, деӊгейі өсе беруіне тілектеспіз. Келесі жылы Қазақстан құрамасы сапында, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында мол тәжірибесімен сенім үдесінен шығады деп кәміл сенеміз. Алға, Кристина! Қазақстан сенімен бірге!

команд-фат.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика