Главная / Главные Новости / Қазақ елінің үздік жұбы – «Samila Open» турнирінде бесінші plyazhnyj-volejbol

Қазақ елінің үздік жұбы – «Samila Open» турнирінде бесінші

17/04/2023

Азия туры-2023 (ерлер, әйелдер)

«Samila Open» AVC Beach Tour

(14-17 сәуір 2023 ж.; Сонгкхла, Таиланд)

Жексенбі күні, тай елінің Сонгкхла аймағында, Қазақстан құрамасы үшін «Samila Open» Азия туры мерзімінен бір күн бұрын аяқталды. Ерлер арасындағы чемпиондарымыз Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату ширек финалда тай-брейкке дейін тайталасып, осы турға екінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген, Қытай құрамасының бірінші жұбынан ұтылып қалды. Сөйтіп, тур қорытындысында 5-орынға ие болды.

Самила-23.jpg

Қазақстан құрамасы «Samila Open» додасында:

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату: 5-орын

Кирилл Гурин / Нұрдос Алдаш: 9-орын

Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко: 17-орын

Анастасия Уколова / Дана Шыңғысова: 17-орын

ава-каз.jpg

Сенбі күнгі екі матчта жеңісті тай-брейкте жұлып алған Яковлев пен Богату жексенбіде тағы бір рет бақтарын үшінші қысқа сетте сынаған. Өкінішке қарай, бұл жолы Қытайдың бірінші нөмірлі үздіктерінен аса алмады. Осылай, жартылай финалға шыға алмай сүрінді.

Қытай елінің бірінші нөмірлі жұбы 1/8-финалдық кезеңде Кирилл Гурин мен Нұрдос Алдашты тоқтатса, ширек финалда Дмитрий Яковлев пен Сергей Богатудың да Самила жағажайындағы өнерлеріне нүкте қойды.

Біздің екі жұбымызға да «алынбас қамал» болған команда жартылай финалда да жеңіске жетті. Енді олар дүйсенбі күні тур қожайындарымен бас бәйгені сарапқа салады. Бір қызығы, Кирилл мен Нұрдос финалға шыққан екі жұппен де ойнады (топтық кезеңде және 1/8-финалында). Ал Дмитрий мен Сергей финалдағы екі үздік команданың бірімен ширек финалда тайталасып көрді.

Тура осыған ұқсас жағдай әйелдер арасындағы додада қайталанып тұр. Финалда осы турға екінші жұп ретінде тіркелген Жапония және төртінші команда ретінде бекітілген Қытай қыздары кездеседі. Бұлардың екеуімен де біздің қыздарымыз ойнаған болатын. Топтық кезеңде Анастасия Уколова мен Дана Шыңғысова Қытай жұбына, ал Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жапон аруларына есе жіберіп алған.

Ұлттық құраманың қыз-жігіттері өнеріне баға беретін – біз емес, жаттықтырушылар. Әйтсе де, олардың енді ғана басталған, алдағы бір-біріне іркес-тіркес тым тығыз күнтізбелік турнирлерін ескерсек, алғашқы қадамдары мүмкіндіктеріне сай секілді. Әрі Яковлев пен Богатудың бесінші орындары – үміт сәулесін үрлей түскендей.

каз2-як.jpg

каз2-бог.jpg

=========

Финал, 3-орын үшін өтетін матч (17 сәуір)

1/4 финалдық кезең (16 сәуір)

16.04. Яковлев / Богату – HA Likejiang / Wu Jiaxin (Қытай-1) – 1:2 (21-18, 17-21, 10-15)

каз-як.jpg

каз-бог.jpg

1/8 финалдық кезең ойындары (15 сәуір)

15.04. Яковлев / Богату – Ashfiya / Yosi (#14, Индонезия-2) – 2:1 (21-17, 21-23, 15-13)

15.04. Гурин / Алдаш – HA Likejiang / Wu Jiaxin (#2, Қытай-1) – 0:2 (10-21, 16-21)

Топтық кезең (14-15 сәуір)

15.04. («A») Гурин / Алдаш – T.Pithak / T.Poravid (Таиланд-1) – 1:2 (21-18, 16-21, 11-15)

14.04. («A») Гурин / Алдаш (#16) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-15, 21-18)

14.04. («A») T.Pithak / T.Poravid (#1, Таиланд-1) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-14, 21-8)

=====

15.04. («G») Яковлев / Богату – Shoji / Ikeda (Жапония-1) – 2:1 (13-21, 21-17, 20-18)

14.04. («G») Яковлев / Богату (#10) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-12)

14.04. («G») Shoji / Ikeda (#7, Жапония-1) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-9)

========

15.04. («B») Қабылбекова / Иванченко – Akiko / Yurika (Жапония-2) – 0:2 (6-21, 10-21)

14.04. («B») Akiko / Yurika (#2, Жапония-2) – Yokebed / Nur Atika (Индонезия-2) – 2:0 (21-4, 21-8)

14.04. («B») Қабылбекова / Иванченко (#15) – Yokebed / Nur Atika (#18, Индонезия-2) – 1:2 (14-21, 23-21, 13-15)

=========

15.04. («D») J.Dong / Wang (Қытай-2) – S.Patcharaporn / S.Samitta (Таиланд-3) – 2:0 (21-15, 22-20)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова – J.Dong / Wang (#4, Китай-2) – 0:2 (14-21, 13-21)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова (#20) – S.Patcharaporn / S.Samitta (#13, Таиланд-3) – 0:2 (13-21, 5-21)

==========

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика