Главная / Главные Новости / Астана арулары екі жылда бірінші рет жеңіске жетті chempionat-rk

Астана арулары екі жылда бірінші рет жеңіске жетті

27/02/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістанда өтіп жатқан, әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың екінші кезеңіндегі төртінші туры енді қызды. Екінші ойын күнгі тартысты матчтар бірнеше тосын нәтиже сыйлады.

Жалпы, Түркістанда өткен он ойында «Айқаракөз» аруларынан басқа он команданың бәрі кемі бір ұпайдан еншіледі. Тіпті бұған дейін ешбір ұжымға азуын батыра алмаған «Ару-Астана» қыздары да биылғы маусымдағы 16-ыншы матчында жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі соңғы «нөль» саны да жойылды.

Рас, «Ару-Астана» тек тай-брейкте басым болды. Әйтсе де, Рустам Масимовтың шәкірттері бұған дейін, яғни 2021/2022 жылдардағы ел чемпионатында да (24 ойын), биылғы 2022/23 маусымындағы чемпионатымызда да (32 ойын) әлі, бірде-бір рет жеңіске жетіп көрмеген болатын. Құттықтауға тұрарлық – жеңіс!

«Б» тобындағы екінші матч сегізінші орынға таласатын командалар арасындағы бәсекені қайта қыздырды. «Айқаракөз» осы турдағы алғашқы матчында (сенбі күні дем алған болатын) алаң иелерінен ұтылып қалып, «Алтай-2» ұжымына тағы бір мүмкіндік сыйлады. Енді Талдықорған және Өскемен командаларының арасын екі ұпай ғана бөліп тұр. Сәрсенбі күні, яғни 1 наурызда екеуі өзара кездеседі. Міне, осы матчта ширек финалда бақ сынайтын соңғы команда анықталатын секілді.

«А» тобында жексенбі күні көшбасындағы басты бәсекелестер кездесіп, биылғы маусымда бірінше рет бейтарап алаңда додаға түсті. «Алтай» арулары мен «Қуаныш» қыздары арасындағы тартысты ойында, ел чемпионы клубтық Азия чемпионына биылғы ел біріншілігінде екінші рет қана бір партияда ғана жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, «Алтайдың» сымбатты арулары «Қуаныштың» көрікті қыздарын үшінші рет жеңіп, 7-інші жеңістеріне қол жеткізді. Бұл екі ұжымның жолдары енді тек плей-офф сатысында, әрі финалда түйісуі мүмкін.

Сонымен қатар, «Жетісу» қыздарының «Алматы» ВК клубынан басым түскен маңызды жеңісін де атап өткен жөн. Дүйсенбі күнгі ойындар қорытындысы бойынша, Елена Павлова шәкірттерінің үздік үштікке қайта оралулары да әбден мүмкін. Онда олар былтырғы маусымдағы ел чемпионатының күміс жүлдегерін үшінші орыннан төмен ығыстырады. Ұпайлары теңесіп, бірдей болғанымен, алматылықтардың бір жеңісі кем түседі. Бірақ әлі асықпайық. Бәрін де ертеңгі ойындар шешеді.

Ертеңгі матчтар да сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де («Балуан Шолақ» с/к), 15:00-де және 17:30-да басталады.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* Астана уақытымен

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында көрсетіледі (сағат 13:00-де басталып, «Балуан Шолақ» с/к өтетін матчтардан басқасы).

Төрешілер: А.Ғұбашева, Н.Өмірзақ, О.Саттарова, Қ.Айдарбеков, С.Берденов, Д.Шүшбаев.

Бас қазы: А.Кувшинов.

Бас хатшы: Д.Баетов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

27 ақпан (дүйсенбі)

(13:00, «Б») «Алтай-2» – «Ару-Астана»

(10:00, «Б») «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

(12:30, «А») «Қуаныш» – «Ертіс»

(15:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Жетісу»

(17:30, «А») «Алматы» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

27 02 ҰЛӘ тк.png

26 ақпан («Алтай-2» дем алды)

«Ару-Астана» – «Қуаныш СК» – 3:2 (25-17, 21-25, 18-25, 25-16, 16-14)

Төрешілер: Шүшбаев, Айдарбеков. Доп айырмасы: 105-97. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-22, 25-20, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Берденов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:1 (23-25, 25-18, 25-16, 25-10)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 98-69. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 0:3 (17-25, 19-25, 12-25)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 2:3 (22-25, 15-25, 25-21, 25-20, 11-15)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 98-106. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 0:3 (Өскемен).

25 ақпан («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Алтай-2» – 1:3 (16-25, 25-20, 18-25, 17-25)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 76-95. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-12, 25-12)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-19, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:0 (25-20, 25-20, 25-19)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-7, 25-16)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

01 наурыз (сәрсенбі)

(13:00, «Б») «Айқаракөз» – «Алтай-2»

(10:00, «А») «Алтай» – «Қарағанды» ВК

(12:30, «А») «Ертіс» – «Жетісу»

(15:00, «А») «Қуаныш» – «Алматы» ВК

(17:30, «Б») «Тұран» – «Қуаныш СК»

«Ару-Астана» – дем алады

02 наурыз (бейсенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Айқаракөз»

(10:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Қуаныш»

(12:30, «А») «Жетісу» – «Алтай»

(15:00, «Б») «Алтай-2» – «Тұран»

(17:30, «А») «Алматы» ВК– «Ертіс»

«Қуаныш СК» – дем алады

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика