Главная / Басты жаңалықтар / ҚВФ: Жаңа олимпиадалық кезеңге кіре бастап federaciya

ҚВФ: Жаңа олимпиадалық кезеңге кіре бастап

03/06/2022

GetImage.jpg

Жаңа олимпиадалық кезеңге кіре бастап, Қазақстанның волейбол федерациясы өз оқырманына соңғы онжылдықтағы біздің волейболшылардың жетістіктерін еске түсіруді ұсынады.

2006 жылдан бастап Халықаралық волейбол федерациясы 220 ұлттық волейбол федерациясын біріктіріп келеді және бұл спорт әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің біріне айналуда. Елімізде волейбол ертеден дамыған және өзінің дәстүрлері бар. Замануи қазақстандық волейболдың қарқынды дамуы 2006 жылы әйелдер ұлттық құрамасы Азияның вице-чемпионы атанып, Азия және әлемдік волейболдың элитасына аяқ басқан кезеңге келеді. Содан бері Қазақстан Азияның волейбол конфедерациясының қамқорлығымен құрлықтық турнирлерге және халықаралық волейбол федерациясының қамқорлығымен әлем чемпионаттарына қатысып келеді. Жеті жыл қатарынан біз Әлемдік Гран-При кезеңіне қатыстық. Әйелдер құрамасының 2008 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы сенсациялық жеңіп алуы шарықтау шегі болды. 2014 жылы классикалық волейболдан республиканың әйелдер құрамасы Қытайда Азия Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды және Қазақстан волейболының тарихында тұңғыш рет плей-оффқа бірінші топтық раундтан шығып, сол кездегі әлемдегі ең үздік 24 команданың ішінен 15-ші орынға ие болды. 2020 жылы біздің волейболшы қыздарымыз интерконтиненталдық біліктілік турнирінің қола жүлдесін жеңіп алып, әлем чемпионатына жолдама алды. Ағымдағы жылы құрама қыркүйек айында Нидерланды мен Польшада өтетін әлем біріншілігінің бесінші мәрте қатысушысы болады. Өз кезегінде, ерлер құрамасы 2002 және 2006 жылдары әлемдік біріншілікке екі рет талпынды. Үш жыл бойы Әлемдік Лиганың кезеңдеріне қатысты. 2017 жылы ерлер құрамасы Азияның вице-чемпионы атанды.

Клубтық деңгейде қазақстандық волейболдың қарқынды өсу динамикасы байқалады. 2004 және 2007 жылдары Азияның үздік клубы атағын екі рет жеңіп алған «Рахат» әйелдер клубының жеңістері даму үшін серпін берді. 2005 жылы «Рахат» ерлер клубы Азия чемпионы атанды. Сол кезден бастап қазақстандық клубтар Азия құрлығындағы мықтылардың қатарына тұрақты еніп келеді. Өткен жылы «Алтай» әйелдер клубы клубтық Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды. Биылғы жылы Азиядағы ең үздік команда болып отандық «Қуаныш» командасы тағы да атанды.

Классикалық волейболмен қатар жағажай волейболы да қарқынды дамыды. Біздің «жағажайшыларымыз» Азия құрлығында және әлемдік турлар кезеңдерінде үлкен табыстарға қол жеткізді және тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді. 2013 жылғы Азия чемпионаттарындағы жеңістерді, 2014 жылғы Азия ойындары мен Азия жағажай ойындарындағы алтын медальдарды еске алсақ та жеткілікті болады. Жағажай волейболында біздің волейболшы қыздарымыз Таиландтағы IV Азия жағажай ойындарының алтын жүлдегерлері атанды, ал жағажайшы ерлеріміз Оңтүстік Кореядағы XVII Азия ойындарын жеңіп алды, сондай-ақ Қытайда Азия чемпионатының күмісіне ие болды. 2014 жыл жағажай волейболынан жастар құрамалары үшін де айтулы жыл болды - барлық алты команда - U-19, U-21 және U-23 әлем чемпионаттарына жолдама алды.

Қазақстан федерациясы әйелдер мен ерлер арасында волейболдан үш лигада жүйелі түрде отандық чемпионат өткізіп тұрады. Сондай-ақ, федерация балалар–жасөспірімдер волейболына да ерекше көңіл бөледі - қазақстандық балалар лигасының финалдық кезеңінің өзінде жүзге жуық қатысушы команда бар! Сонымен қатар, біздің еліміздің аумағында Әлемдік лиганың кезеңдері, құрлықтық іріктеу турнирлері, шақыру кубоктары және Азияның клубтық чемпионаттары сияқты волейболдан халықаралық турнирлер үнемі өткізіліп тұрады. Қазақстанда аса маңызды спорттық форумдарды өткізу FIVB және AVC тарапының жоғары сенімін көрсетеді.

Қазақстандық волейболдың 2014 жылдан бастап ағымдағы жылға дейінгі жетістіктері көрсетілген төмендегі кестемен танысуды ұсынамыз.

2014 - 2021 жылдар бойынша спорт қызметі нәтижесінің кестесі

Жыл

Түрі, команда

Жетістіктер

2014

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер командасы

Әлем чемпионаты, 23 қыркүйек – 12 қазан, Италия

Әлем Чемпионатына біліктілік. Отандық волейбол тарихында алғаш рет плей-оффтағы 1-ші топтық раундтан шығу. 24 команда арасында 15- орын.

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер командасы

Азия Кубогы, 6-12 қыркүйек, Шэньчжэнь, Қытай

3-орын 

Классикалық волейбол

Ұлттық ерлер командасы

, 18-24 тамыз. Алматы, Қазақстан

3- орын 

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер командасы

XXII Мировой Гран-при, 25 шілде – 24 тамыз

Топтық раундқа қатысу

Жағажай волейболы

Ұлттық ерлер құрамасы

Азия Чемпионаты, 5-8 маусым. Цзиньцзян, Қытай

2 орын – Дмитрий Яковлев / Алексей Кулешов

Жағажай волейболы

Ұлттық ерлер құрамасы

17-Азия ойындары, 20-29 қыркүйек. Инчхон, Оңтүстік Корея

Алтын, 1- орын – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко

Жағажай волейболы

Ұлттық әйелдер құрамасы

4-е Жағажай Азия ойындары, 16-23 қараша. Пхукет, Таиланд

Алтын, 1- орын – Татьяна Машкова / Ирина Цимбалова

Жағажай волейболы

әйелдер жастар құрамасы  (U19)

Әлем Чемпионаты  (U19), 29 шілде – 3 тамыз. Порту, Португалия

Әлем Чемпионатына біліктілік  – Екатерина Ласюта / Анна Пименова

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U19)

Әлем Чемпионаты  (U19), 29 шілде – 3 тамыз. Порту, Португалия

Әлем Чемпионатына біліктілік, топтық раундтан плей-оффқа шығу– Егор Дмитриев / Сергей Полищук

Жағажай волейболы

әйелдер жастар құрамасы  (U21)

Әлем Чемпионаты  (U21), 23-27 шілде. Ларнака, Кипр

Әлем Чемпионатына біліктілік    – Александра Варасова / Анна Елеференко

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U21)

Әлем Чемпионаты  (U21), 23-27 шілде. Ларнака, Кипр

Әлем Чемпионатына біліктілік    – Виктор Пестов / Кирилл Гурин, Егор Дмитриев / Сергей Полищук;

топтық раундтан плей-оффқа шығу– Виктор Пестов / Кирилл Гурин

Жағажай волейболы

әйелдер жастар құрамасы  (U23)

Әлем Чемпионаты  (U23), 10-15 маусым. Мысловице, Польша

Әлем Чемпионатына біліктілік    – Александра Варасова / Бахтыгуль Самаликова

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U23)

Әлем Чемпионаты  (U23), 10-15 маусым. Мысловице, Польша

Әлем Чемпионатына біліктілік    – Виктор Пестов / Кирилл Гурин, Владислав Пустынников / Сергей Богату;

топтық раундтан плей-оффқа шығу– Владислав Пустынников / Сергей Богату

Жағажай волейболы

әйелдер жастар құрамасы

2- Жастар ойындары, 17-27 тамыз. Нанкин, Қытай

Ойындарға біліктілік – Екатерина Ласюта / Анна Пименова

Жағажай волейболы

мужская молодежная сборная

2- Жастар ойындары, 17-27 тамыз. Нанкин, Қытай

Ойындарға біліктілік , топтық раундтан плей-оффқа шығу– Егор Дмитриев / Сергей Полищук

2015

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

XXIII Әлемдік Гран-при, 25 маусым – 2 тамыз

Топтық раундқа қатысу

Классикалық волейбол

Ұлттық ерлер құрамасы

XXVI Әлемдік лига, 16 мамыр – 19 шілде

Топтық раундқа қатысу

Классикалық волейбол

ерлер құрамасы

USIC Чемпионаты (Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Кеңесі), 10 – 17 маусым. Гомель, Беларусь

4-орын

Жағажай волейболы

Ұлттық әйелдер құрамасы

Әлем Чемпионаты , 26 маусым – 5 шілде. Гаага / Амстердам, Нидерланды

Әлем Чемпионатына біліктілік , 1/8 финалына шығу, 9- орын – Татьяна Машкова / Ирина Цимбалова

Жағажай волейболы

Ұлттық ерлер құрамасы

Әлем Чемпионаты , 26 маусым – 5 шілде. Гаага / Амстердам, Нидерланды

Әлем Чемпионатына біліктілік    – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко, Дмитрий Яковлев / Алексей Кулешов

Жағажай волейболы

Ұлттық әйелдер құрамасы

Этап Континентального Кубка (Центральноазиатская зона), 18 – 20 желтоқсан. Кожикоде, Индия

1- орын – Татьяна Машкова / Бахтыгуль Самаликова, Ирина Цимбалова / Екатерина Ласюта

Жағажай волейболы

Ұлттық ерлер құрамасы

Құрлықтық Кубоктың Кезеңі (Орталық Азия аймағы), 18 – 20 желтоқсан. Кожикоде, Индия

1- орын – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко, Дмитрий Яковлев / Алексей Кулешов

Жағажай волейболы

Ұлттық әйелдер құрамасы

Азия Чемпионаты, 1-4 қазан. Гонконг

5- орын – Татьяна Машкова / Ирина Цимбалова

Жағажай волейболы

әйелдер құрамасы

Азия туры, «Samila Open», 14-16 сәуір. Сонгхла, Таиланд

3- орын – Татьяна Машкова / Ирина Цимбалова

Жағажай волейболы

әйелдер құрамасы

Азия туры, «Palembang Open», 15-18 қазан. Палембанг, Индонезия

2- орын – Татьяна Машкова / Бахтыгуль Самаликова

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Әлемдік тур, Этапы «Grand Slam», «Moscow GS», 18-23 тамыз. Москва

9- орын – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Әлемдік тур, «Sochi Open», 8-13 қыркүйек. Сочи 

5- орын – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Азия туры, «Nakhon Si Open», 9-11 сәуір. Накхон, Таиланд 

1- орын – Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко

2017

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

XXV Мировой Гран-при, 7 шілде – 6 тамыз

Топтық раундқа қатысу

 

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

Әлем Чемпионатына іріктеу біліктілік турнирі, 20-24 қыркүйек, Алматы, Қазақстан

2- орын, Әлем Чемпионатына біліктілік   -2018

 

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

19-й Азия Чемпионаты, 9-17 тамыз. Биньян, Филиппин

7- орын

 

Классикалық волейбол

Ұлттық ерлер құрамасы

19-й Азия Чемпионаты, 24 шілде – 1 тамыз. Сурабая, Индонезия

2- орын

 

Классикалық волейбол

әйелдер жастар құрамасы (U23)

2-й Азия Чемпионаты (U23), 13-21 мамыр. Накхонратчасима, Таиланд

5- орын

 

Классикалық волейбол

ерлер жастар құрамасы (U23)

2-й Азия Чемпионаты (U23), 1-9 мамыр. Ардебиль, Иран

7- орын

 

Жағажай волейболы

әйелдер құрамасы

Әлем Чемпионаты , 28 шілде – 6 тамыз. Вена, Австрия

Әлем Чемпионатына біліктілік , 1/16 финалына шығу, 17- орын – Татьяна Машкова / Бахтыгуль Самаликова

2018

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

Шақыру Кубогына іріктеу біліктілік турнирі, 18-20 мамыр, Алматы, Қазақстан, 1- орын

 

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

Әлем Чемпионатына қатысу, 29 қыркүйек – 20 қазан. Жапония

 

Классикалық волейбол

Ұлттық ерлер құрамасы

Шақыру Кубогына іріктеу біліктілік турнирі, 18-20 мамыр, Алматы, Қазақстан, 1- орын

 

Классикалық волейбол

әйелдер жастар құрамасы  (U17)

Кубок Принцессы (U17), 13-17 мамыр. Таиланд

3- орын

 

Классикалық волейбол

әйелдер клубтық чемпионаты

Әйелдер командалары арасындағы Клубтық Әлем Чемпионаты  , 4-9 желтоқсан. Шаосин, Қытай

5- орын, wild-card бойынша түсіп Қазақстан клубы алғашқы рет әлем чемпионатына қатысты

 

Классикалық волейбол

Ерлер клубтық чемпионаты

Ерлер командалары арасындағы Клубтық Әлем Чемпионаты  , 30 шілде – 6 тамыз. Мьянма

2- орын

 

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Азия Чемпионаты, 25-27 қыркүйек. Сатун, Таиланд

3- орын – Сидоренко / Дьяченко

 

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U19)

Азия Чемпионаты (U19), 23-25 марта. Накхонпатхом, Таиланд

3- орын – Мохаммад / Алдаш (+Әлем Чемпионатына біліктілік   )

 

Жағажай волейболы

әйелдер жастар құрамасы  (U19)

Азия Чемпионаты (U19), 23-25 марта. Накхонпатхом, Таиланд

3- орын – Раченко / Еропкина (+Әлем Чемпионатына біліктілік   )

 

Жағажай волейболы

Әйелдер құрамасы

Әлемдік турнир, Satun Pak Bara 1 star, 08-11 сәуір. Сатун, Таиланд

1- орын – Машкова / Цимбалова

 

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Әлемдік турнир, Caspian Sea Series Babolsar 1 star, 09-12 қазан. Бабольсер, Иран

2- орын – Сидоренко / Дьяченко

 

Жағажай волейболы

Ерлер құрамасы

Әлемдік турнир, Caspian Sea Series Bandar Anzali 1 star, 16-19 қазан. Бендер-Энзели, Иран

1- орын – Сидоренко / Дьяченко

 

Жағажай волейболы

Әйелдер құрамасы

Азия турнирі, CanThoOpen, 20-23 сәуір. Кантхо, Вьетнам

1- орын – Машкова / Цимбалова

 

Жағажай волейболы

Әйелдер құрамасы

Азия турнирі, 19-28 тамыз. Палембанг, Индонезия

3- орын – Машкова / Цимбалова

2019

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U21)

AVC BEACH VOLLEYBALL (U21) 15-18 марта Таиланд

1- орын – Алдаш/Абдулмаджид

 

Жағажай волейболы

әйелдер құрамасы

Құрлықтық Кубок   – AVC CONTINENTAL CUP CENTRAL ZONE

1- орын – Цимбалова/Самаликова

 

Жағажай волейболы

әйелдер құрамасы

Құрлықтық Кубок   – AVC CONTINENTAL CUP CENTRAL ZONE

1- орын – Раченко/Уколова

 

Жағажай волейболы

ерлер құрамасы

Құрлықтық Кубок   – AVC CONTINENTAL CUP CENTRAL ZONE

1- орын – Яковлев/Богату

 

Жағажай волейболы

ерлер құрамасы

Құрлықтық Кубок – AVC CONTINENTAL CUP CENTRAL ZONE

1- орын – Сидоренко/Дьяченко

2020

Классикалық волейбол

Ұлттық әйелдер құрамасы

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕРҚҰРЛЫҚТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТУРНИРІ-2020

3- орын

 

Классикалық волейбол

Ұлттық ерлер құрамасы

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕРҚҰРЛЫҚТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТУРНИРІ-2020

4- орын

2021

Жағажай волейболы

ерлер жастар құрамасы (U19)

AVC BEACH VOLLEYBALL (U19) 03-06 шілде Таиланд

3- орын – Аманжолов/Лапов


Генеральный партнёр КФВ - ФНБ "Самрук-Казына"

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика