Главная / Басты жаңалықтар / FIVB: ӘЙЕЛДЕР ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА -2021 ҚАТЫСАДЫ. novosti-sbornye

FIVB: ӘЙЕЛДЕР ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА -2021 ҚАТЫСАДЫ.

21/09/2021

WhatsApp Image 2021-09-21 at 12.26.08 PM.jpeg

Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы 2022 жылы өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды. Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ресми рейтинг бойынша, волейболдан әлемдегі басты турнирге біздің команда іріктеуден өтті- қазіргі уақытта рейтинг бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 23 -орында. Айта кетейік, ұлттық құрама волейболдан әлем чемпионатына бесінші рет жолдама алып отыр. Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасы 2006, 2010, 2014, 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысты. Волейболшыларымыздың Италияда 2014 жылы Александр Иванович Гутордың басшылығымен көрсеткен нәтижесі жоғары болға болатын, оның ойыншылары ең беделді турнирдің 1/8 финалына шыққан кезі. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы республикамыздың ұлттық құрамасының капитаны Елена Павлова бір матчта ең көп ұпай жинау бойынша әлемдік рекордты жаңартты - қазақстандық волейболшы АҚШ командасының қарсы ойынында ұлттық құрамаға 42 ұпай жинаған.

WhatsApp Image 2021-09-21 at 12.25.33 PM.jpeg

Қазіргі таңда Петр Иванович Хилко отандық волейболшыларды 2022 жылғы әлем чемпионатына дайындайды. Алдыңғы жылдары ұлттық құрама әлемдік турнирге Александр Иванович Гутордың жетекшілігімен барса, сонымен қатар Нелли Алексеевна Щербакова (2010) және Вячеслав Николаевич Шапранмен жетекшілігімен екі рет (2006 және 2018) құрама әлемдік турнирге қатысты.

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика