Главная / Высшая лига U-23 / «Тараз» тарландары Алматы әуедопшыларынан басым түсті chempionat-rk

«Тараз» тарландары Алматы әуедопшыларынан басым түсті

25/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Оралда жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизион клубтары үшінші турды бастады. Ұлттық лиганың сегіз фарм-клубы екі айға созылған каникулдан соң доп додасын сабақтап, биылғы біріншіліктің бел ортасына жақындады.

Бейсенбіде, яғни бірінші күнгі матчтарда сегіз команданың алтауы бірдей ұпай еншіледі. Бұл екі кездесудің тай-брейкке дейін ұласқанын білдіреді. Турнир кестесінің бірінші төрттігіндегі командалар екінші кварттетегі ұжымдардан басым түсті.

Жұма күні осы турдағы орталық матчтардың бірі өтті. Биылғы ел біріншілігінде көш бастаған «Тараз» және «Буревестник» клубтарының қосалқы құрамдары осы маусымда үшінші рет кездесті. Бұған дейінгі екі матчта олар тай-брейкте алма-кезек жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы, яғни Оралда тараздықтар басым түсті.

«Атырау-2» ВК алматылықтардың жеңіліске ұшырағанын сәтін пайдаланып, үшінші орыннан екінші сатыға көтерілді. Сенбі күні атыраулықтар «Тараз» ВК тарландарымен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, көшбасшыны қуып жетеді. Ел чемпионының фарм-клубы екінші турда әулиеаталықтарды жеңген, әрі екеуара кездесулер нәтижесіндегі ұпайлары да басым – 4:2.

Жексенбідегі кездесулер да тартысты болуы керек. «Атырау-2» ВК және «Буревестник», сондай-ақ «Тараз-2» ВК және осы дивизионның былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Алтай-2» командалары арасындағы матчтар өте маңызды болады. Себебі осы ойындардан соң, турнир кестесінің бірінші төрттігіндегі командалардың қандай орындарға жайғасатындықтары белгілі болады. Ал дүйсенбі – үшінші турдағы демалыс күн және ел біріншілігінің бел ортасы.

Үшінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады. Тек соңғы, яғни 2 наурыз күнгі ойындар уақыты өзгеретін болады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Орал. «ОЖСШМ» с/з

* жергілікті уақытпен (+1 сағат Астана уақытымен)

* 27 ақпан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ж.Бақтығалиев, Б.Нұрсұлтанов, В.Суходол, Б.Сүйіндіков; Бас хатшы: А.Сухарева.

26 ақпан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Тараз-2» ВК – «Алтай-2»

(15:00) «Буревестник-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Жайық-2» – «Есіл СК-2»

25 ақпан (сенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Ұшқын-2»

(17:30) «Алтай-2» – «Жайық-2»

25 02 ЖЛЖ тк.png

23 ақпан

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-12, 25-18, 25-18)

Төрешілер: Суходол, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25-13, 25-21, 25-18)

Төрешілер: Бақтығалиев, Суходол. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

«Алтай-2» – «Есіл СК-2» – 3:2 (24-26, 25-18, 24-26, 25-15, 15-6)

Төрешілер: Сүйіндіков, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 113-91. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл).

«Буревестник-2» – «Жайық-2» – 3:2 (25-19, 24-26, 21-25, 25-14, 15-10)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 110-94. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).

24 ақпан

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (22-25, 16-25, 18-25)

Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 62 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 1:3 (17-25, 21-25, 25-19, 14-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 77-94. Матч уақыты: 93 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:1 (25-19, 25-19, 23-25, 25-19)

Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 98-82. Матч уақыты: 93 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:2 (Петропавл).

«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (16-25, 22-25, 18-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).

28 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Ұшқын-2» – «Жайық-2»

01 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Алтай-2»

(17:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

02 наурыз (бейсенбі)

(09:00) «Ұшқын-2» – «Буревестник-2»

(11:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(13:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика